«ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛОСОФИЯСЫ: МӘДЕНИЕТ, ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік workshop

       


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

«ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛОСОФИЯСЫ: МӘДЕНИЕТ, ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ»

 

атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік workshop

 

23-25 сәуір, 2020 ж.

 

2020 ж. 23-25 сәуірдің аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.) Стамбул университетінің жанындағы Фараби атындағы Еуразия ғылыми зерттеулер Орталығы (Стамбул,Түркия), Айтматов Академиясы (Лондон, Ұлы Британия), Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті (Тараз қ.) ұйымдастыруымен дәстүрлі ХХІІІ «Аханов оқулары» аясында өтетін әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛОСОФИЯСЫ: МӘДЕНИЕТ, ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік воркшоп (workshop) өтеді.

 

Воркшоп бағыттары:

1.         Әл-Фараби философиясы: діннен саясатқа дейін

2.         Әл-Фарабидің қазіргі өркениеттегі мәдени мұрасы

3.         Әл-Фараби философиясы: тіл арқылы тану

4.         Әлеуметтік-адамгершілік этика және оның әдебиеттегі көрінісі

 

Өтетін мерзімі:

  1. 23 сәуір, 2020 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы, М. Әуезов атындағы дәрісхана, 312 дәрісхана.

Өтетін уақыты: 10.00 – 18.00

 

  1. 25 сәуір 2020 ж. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз қ., мәжіліс залы.

Өтетін уақыты: 10.00 – 14.00

  

Халықаралық ғылыми-әдістемелік WORKSHOP-қа

жауапты ұйымдастырушылар мен өткізушілер:

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Мәдиева Гүлмира Баянжанқызы, Бектемірова Сәуле Бекмұхамедқызы, Мәмбетова Мәншүк Құдайбергенқызы, Күзембекова Жанна Жалайырқызы

e-mail: saule.bektemirova77@gmail.com (Бектемирова Сәуле Бекмұхамедқызы)

Стамбул университеті Фараби атындағы Еуразия ғылыми зерттеулер орталығы, Стамбул, Түркия

Абдуллах Қызылджық, Сапашев Ораз Сапашұлы

e-mail: sapashevo@gmail.com (Сапашев Ораз Сапашұлы)

 

Айтматов Академиясы, Лондон, Ұлыбритания

Абдувалиева Рахима Мусаевна

e-mail: aitmatov.academy4@gmail.com

 

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз, Қазақстан

Саурыков Ерболат Байұзақұлы, Молғаждаров Қасиет Кәкенұлы

e-mail: kasiet_k@list.ru (Молғаждаров Қасиет Кәкенұлы)

 

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: + 7 (727) 3773366 (1329)

 

WORKSHOP-қа қатысу тәртібі

Воркшоптың жұмыс тілі: қазақ, ағылшын, орыс. Баяндамаға берілетін уақыт – 10 минут, сұрақтар мен жауаптарға жұмсалатын уақыт – 3 минут.

Мақала (5-8 бет) мазмұны келесі элементтерді қамтуы қажет:

(1) автор(лар) аты-жөні; (2) автор(лар) ғылыми атағы, дәрежесі және жұмыс орны; (3) автор(лар) электронды мекенжайы; (4) баяндама тақырыбы (10 сөз көлемінде); (5) түйіндеме (ключевые слова); (6) мақала мәтіні. Баяндамада зерттеудің мақсаты, әдістемесі, зерттеудің немесе жобаның күтілетін нәтижесі анық сипатталуы керек.

(2) Түйіндеме үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) берілуі қажет.

Ұйымдастырушылар комитеті жиналған материалдардың ішінен мақалаларды іріктеуге құқылы; рецензенттер мақұлдаған жұмыстар Воркшопқа дейін арнайы басылымда жарық көреді. Баяндама мақалалары тақырып өзектілігі, әдістеме және теориялық база нақтылығы, сонымен қатар зерттеудің ғылыми құндылығы тұрғысынан бағаланады. 

Мақаланың толық нұсқасы мен қатысушы формасы үлгіге сай толтырылып, файл түрінде «ФАЖ 2020» (мысалы, Жексенов 2020) тақырыбында 2020 жылдың 15 наурызына дейін келесі электронды поштаға жіберілуі тиіс: gen.linguistics@gmail.com

Мақалалардың қабылданғандығы жөніндегі хабарлама: 2020 жылдың 20 наурызына дейін жіберіледі.

Тіркелу жарнасы:

Воркшоп жарнасы – қатысушылар үшін 4 000 тенге.

Жол шығыны мен тұратын жері Воркшоп қатысушылар тарапынан.

Ұйымдастыру жарнасын жіберу реквизиті: KaspiGOLD, 5169 4931 8480 9427 Бектемірова Сәуле Бекмұхамедқызына, ақша жіберілген соң, квитанцияның көшірмесін осы поштаға жіберулеріңізді сұраймыз: saule.bektemirova77@gmail.com (жіберілу тақырыбы көрсетілуі қажет, мысалы: А. Ахметов төлемақы квитанциясы).

ҮЛГІ

Қатысушы формасы* 

Автордың аты-жөні

 

Қызметі, ғылыми атағы мен дәрежесі

 

Жұмыс орнының қысқаша және толық атауы, мекенжайы

 

Қосалқы авторлардың аты-жөні

 

Қосалқы авторлардың жұмыс орнының қысқаша және толық атауы, мекенжайы

 

Мақала атауы (екі тілде: мақала тілінде және ағылшын тілінде)

 

Бағыт атауы

 

Баяндамашының техникалық қамтамасыз ету ұсынысы (қажет жағдайда)

 

Қонақүй қажеттілігін көрсетіңіз

 

Телефон номерлері

 

Е-mail

 

*Студент, магистрант, докторант қазіргі оқу жылын көрсету керек.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

1. Шрифті – Times New Roman.

2. Кегль – 12.

3. Интервал – біреулік.

4. Азат жол – 0,8 см.

5. Өлшемі: барлық жағы – 2.

6. Мәтіннің белгіленуі – курсив.

7. Көлемі – 5-8 бет (5 беттен кем емес).

8. Жарияланым тілі – қазақ, орыс, ағылшын.

9. Мақаланың басында, автор(лар) жайында мағлұмат мақала қай тілде жазылса, сол тілде беріледі.

 

Мақалаңызды келесі пункт бойынша тексеріңіз:

 

1) УДК-ні нақтылаңыз және қойыңыз;  

2) жұмыс орны, дәреже, қала, мемлекетіңізді көрсетіңіз;

3) магистранттар мен I, II, III курс докторанттардың қай курс екендігі – ғылыми жетекшісінің ФАТ;

4) түйіндеме үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) аудармаларымен беріледі. Фамилиясы А.Т., мақала аты.

Бір түйіндеменің көлемі – 150 сөзге дейін.

(Сөздің санын анықтайтын құрылғы: Мәтінді толық бояп – Сервис – Статистика – Сөз саны). 

Түйіндеменің аудармасы түпнұсқада болу керек, онлайн арқылы аударма қабылданбайды.

Дұрыс аударылмаған түйіндеме қабылданбайды.

5) түйіндемеден кейін Кілт сөздер: Ключевые слова: Key words қойыңыз: 7–10 сөз немесе сөз тіркесі; 

6) мәтінде сілтемелер тікжақшамен беріледі [1, 15], бірінші сан Әдебиеттер тізімі нөмері, екінші сан беті көрсетіледі;

7) мәтінді қою қарамен бояп белгілеуге болмайды;

8) Әдебиеттер, References-ті ГОСТ-тағыдай безендіріңіз.

(Қосымшаға қ.) пробелді сақтаңыз, нүкте, сызықша (дефисті сызықшаға ауыстырыңыз); тізімде (1,2,3, сандарынан кейін) нүкте қойылмау керек;

мәтінде бар сілтемелерге әдебиеттер тізімінде беттерді көрсетіңіз (мысалы, – Б. 15 немесе – С. 15);

9) мәтінді безендіру кезінде пробелге ерекше көңіл бөліңіз: қысқартылған аты-жөні мен фамилия арасына (Ч.Т. Айтматов); тізім мен сілтеме арасына [1, 2]; нүкте мен әдебиеттер тізімі арасына (жазылынбайтын белгілерді қоспағандағы пробелдерді тексеріңіз);

10) соңғы редакциядан кейін міндетті түрде дұрыс жазбаңызды тексеріңіз.

11) файл аты мақала жазған адамның фамилиясымен кирилл немесе латын графикасында қойылсын.

ІЗГІ ТІЛЕКПЕН,

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ 

 

УДК 8 354 25

X. XXXXXXXXX (жартылай қою шрифтпен)

ф.ғ.д. профессор әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан,

e-mail: хххх@ххх

 

Көптілділік жағдайындағы тілді меңгеру (жартылай қою шрифтпен)

 

Түйіндеме мәтіні

Кілт сөздер

 

Мақала мәтіні

 

X. Xxxxxxxxx, 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4-курс студенті, Алматы қ., Қазақстан,

 

e-mail:

 

Ғылыми жетекші –

X. Xxxxxxxxx

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің II курс PhD докторанты, Алматы қ., Қазақстан,

e-mail:

Ғылыми жетекші –