ХХIV «Аханов оқулары» аясында «ТҰРАҚТЫ ДАМУ: ТІЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ» атты Халықаралық онлайн воркшоп (workshop)

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН WORKSHOP

 

«ТҰРАҚТЫ ДАМУ: ТІЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

ЖӘНЕ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ»

 

2021 ж. 28 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан) РХДУ-дегі Шет тілдері институты (Мәскеу, Ресей Федерециясы), Стамбул университетінің жанындағы Фараби атындағы Еуразия ғылыми зерттеулер Орталығы (Стамбул,Түркия), Айтматов Академиясы (Лондон, Ұлы Британия), Халықаралық Тараз инновациялық институты (Тараз, Қазақстан) бірлесіп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай дәстүрлі ХХIV «Аханов оқулары» аясында «ТҰРАҚТЫ ДАМУ: ТІЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ» атты Халықаралық онлайн воркшоп (workshop) өткізеді.

 

Воркшоп бағыттары:

1.   Тіл білімі және тұрақты даму жағдайындағы әлеуметтегі сандық трансформация

2.   Сандық педагогика және шетел тілдерін оқыту

3. Тұрақты виртуалды ақиқаттағы мәдениаралық қарым-қатынас

 

Өтетін уақыты: 13.00 – 18.00 (Нұр-Сұлтан уақыты)

Тіркелу уақыты: 12.00-12.50

Халықаралық WORKSHOP-қа жауапты ұйымдастырушылар мен өткізушілер:

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Мәдиева Гүлмира Баянжанқызы, Бектемірова Сәуле Бекмұхамедқызы, Мәмбетова Мәншүк

Құдайбергенқызы, Күзембекова Жанна Жалайырқызы

e-mail: saule.bektemirova77@gmail.com (Бектемирова Сәуле Бекмұхамедқызы)

РХДУ-дегі Шет тілдері институты, Мәскеу, Ресей Федерециясы 

Безрукова Наталья Яковлевна

e-mail: bezroukova-n@rudn.ru

Ыстамбұл университеті Фараби атындағы Еуразия ғылыми зерттеулер орталығы, Стамбул, Түркия

Абдуллах Қызылджық, Сапашев Ораз Сапашұлы

e-mail: sapashevo@gmail.com (Сапашев Ораз Сапашұлы)

Айтматов Академиясы, Лондон, Ұлыбритания

Абдувалиева Рахима Мусаевна

e-mail: aitmatov.academy4@gmail.com

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз, Қазақстан

Саурыков Ерболат Байұзақұлы, Молғаждаров Қасиет Кәкенұлы, Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы

e-mail: kasiet_k@list.ru (Молғаждаров Қасиет Кәкенұлы)

e-mail: karakoz14@mail.ru (Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы)

 

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: + 7 (727) 3773366 (ішкі нөмері 1329)

 

WORKSHOP-қа қатысу тәртібі

Воркшоптың жұмыс тілі: қазақ, ағылшын, орыс.

Баяндамаға берілетін уақыт – 5-7 минут, сұрақтар мен жауаптарға жұмсалатын уақыт – 3 минут.

Мақала (3-5 бет) мазмұны келесі элементтерді қамтуы қажет:

(1) автор(лар) аты-жөні; (2) автор(лар) ғылыми атағы, дәрежесі және жұмыс орны; (3) автор(лар) электронды мекенжайы; (4) баяндама тақырыбы (10 сөз көлемінде); (5) түйіндеме (ключевые слова); (6) мақала мәтіні. Баяндамада зерттеудің мақсаты, әдістемесі, зерттеудің немесе жобаның күтілетін нәтижесі анық сипатталуы керек.

Түйіндеме үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) берілуі қажет.

Ұйымдастырушылар комитеті жиналған материалдардың ішінен мақалаларды іріктеуге құқылы. Баяндама мақалалары тақырып өзектілігі, әдістеме және теориялық база нақтылығы, сонымен қатар зерттеудің ғылыми құндылығы тұрғысынан бағаланады.

Мақаланың толық нұсқасы мен қатысушы формасы үлгіге сай толтырылып, файл түрінде «ФАЖ 2020» (мысалы, Жексенов 2021) тақырыбында 2021 жылдың 25 сәуіріне дейін келесі электронды поштаға жіберілуі тиіс: gen.linguistics@gmail.com

Мақалалардың қабылданғандығы жөніндегі хабарлама: 2021 жылдың 1 мамырына дейін жіберіледі.

Воркшоп жарнасы – қатысушылар үшін 2 000 тенге (жарнаға воркшоп материалдарының электронды жинағын даярлау, құрылымын реттеу, воркшоп бағдарламасы, сертификат және олардың дизайны кіреді). Ұйымдастыру жарнасын жіберу реквизиті: KaspiGOLD, 5169 4931 8480 9427 Бектемірова Сәуле Бекмұхамедқызына, ақша жіберілген соң, квитанцияның көшірмесін осы поштаға жіберулеріңізді сұраймыз: gen.linguistics@gmail.com. (жіберілу тақырыбы көрсетілуі қажет, мысалы: А. Ахметов төлемақы квитанциясы).

ҮЛГІ

Қатысушы формасы*

Автордың аты-жөні

 

Қызметі, ғылыми атағы мен дәрежесі

 

Жұмыс орнының қысқаша және толық атауы, мекенжайы

 

Қосалқы авторлардың аты-жөні

 

Қосалқы авторлардың жұмыс орнының қысқаша және толық атауы, мекенжайы

 

Мақала атауы (екі тілде: мақала тілінде және ағылшын тілінде)

 

Бағыт атауы

 

Баяндамашының техникалық қамтамасыз ету ұсынысы (қажет жағдайда)

 

Телефон нөмерлері

 

Е-mail

 

*Студент, магистрант, докторант қазіргі оқу жылын көрсету керек. Мысалы, студент (магистрант, докторант) 3 курс

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

Шрифті – Times New Roman; Кегль – 12; Интервал – біреулік; Азат жол – 1 см; Өлшемі: барлық жағы – 2; Мәтіннің белгіленуі – курсив; Көлемі – 3-5 бет; Жарияланым тілі – қазақ, орыс, ағылшын; Мақаланың басында, автор(лар) жайында мағлұмат мақала қай тілде жазылса, сол тілде беріледі.

 

Мақалаңызды келесі пункт бойынша тексеріңіз:

 

1) МРНТИ қойыңыз;

2) жұмыс орны, дәреже, қала, мемлекетіңізді көрсетіңіз;

3) магистранттармен докторанттардың ФАТ – ғылыми жетекшісінің ФАТ;

4) түйіндеме үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) аудармаларымен беріледі. Фамилиясы А.Т., мақала аты.

Бір түйіндеменің көлемі – 100 сөзге дейін.

(Сөздің санын анықтайтын құрылғы: Мәтінді толық бояп – Сервис – Статистика – Сөз саны).

Түйіндеменің аудармасы түпнұсқада болу керек, онлайн арқылы аударма қабылданбайды.

Дұрыс аударылмаған түйіндеме қабылданбайды.

5) түйіндемеден кейін Кілт сөздер қойыңыз: 5 сөз немесе сөз тіркесі; 

6) мәтінде сілтемелер тікжақшамен беріледі [1, 15], [1, 15-17] бірінші сан Әдебиеттер тізімі нөмері, екінші сан беті көрсетіледі;

7) Әдебиеттер, References-ті ГОСТ-тағыдай безендіріңіз. (Қосымшаға қ.) пробелді сақтаңыз, нүкте, сызықша (дефисті сызықшаға ауыстырыңыз); тізімде (1,2,3, сандарынан кейін) нүкте қойылмау керек;

8) мәтінді безендіру кезінде пробелге ерекше көңіл бөліңіз: қысқартылған аты-жөні мен фамилия арасына (Ч.Т. Айтматов); тізім мен сілтеме арасына [1, 2]; нүкте мен әдебиеттер тізімі арасына (жазылынбайтын белгілерді қоспағандағы пробелдерді тексеріңіз);

9) соңғы редакциядан кейін міндетті түрде дұрыс жазбаңызды тексеріңіз.

10) файл аты мақала жазған адамның фамилиясымен кирилл немесе латын графикасында қойылсын.

 

Ізгі тілекпен,

Ұйымдастыру комитеті