Жаңалықтар

Халықаралық жоба!!!

26.12.2020

Жоғары оқу орындарында жұмыс атқаратын инженерлік бағыттағы оқытушыларды көп деңгейлі кәсіби даярлау/қайта даярлау бойынша халықаралық платформаны жасақтау мен дамытуға бағытталған Еуропалық Одақтың Erasmus+ бағдарламасымен бірлесіп қаржыландырылатын EngineeriNg educaTors pEdagogical tRaining/ENTER халықаралық жобасы https://ru.surveymonkey.com/r/FM5XJFT сауалнама нәтижесінде іріктелген, ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің ПОҚ арналған тренингтердің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-тің БАИ базасында 2020 жылдың желтоқсан айының соңы мен 2021 жылдың қаңтар айының соңында болатындығы туралы хабарлайды. Тренинг үш IPET бағдарламасынан тұрады (iPET-1 (2 ECTS), iPET-2 (8 ECTS) және iPET-3 (20 ECTS)). ENTER жобасымен толығырақ мына ресми сайтта танысуға болады http://erasmus-enter.org/, https://www.kaznu.kz/ru/20357/page/, http://icd.kaznu.kz/3/Main/RightNodeBrowser/1185 .

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз!!!!

18.12.2020

Д.А. Қонаев атындағы сыйлық сыйлық ҚР БҒМ Ғылым комитетінің байқауы аясында өткізіледі және ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында жыл сайын беріледі.
Сыйлық лауреаттарының құрамына постдокторанттар: С.А. Оразбаев, Е.А. Үсенов, PhD докторы Д.Г. Батрышев, ИБЗ меңгерушісі Е. Ерланұлы, плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы А.У. Өтегенов кірді. 

Сыйлық «Практикалық қосымшаларға арналған заманауи плазмалық технологиялар негізінде наноқұрылымды материалдар алудың ғылыми негіздерін әзірлеу» атты жұмысы үшін берілді. 

Жұмыстың мақсаты-плазмалық технологиялар негізінде наноқұрылымды материалдарды синтездеудің ғылыми негіздерін жасау, плазманың қасиеттерін зерттеу, алынған наноматериалдардың морфологиялық және құрылымдық сипаттамаларын және оларды қолдану перспективаларын талдау. 

Жұмыстың практикалық маңыздылығы-плазмалық ортада наноқұрылымды материалдарды синтездеу бойынша алынған нәтижелер өнеркәсіптің әртүрлі салаларында қолдану үшін жаңа тиімді әдістер мен технологиялардың ғылыми негізіне айналады. 

Авторлар жұмысының нәтижелері бойынша 200-ден астам ғылыми жарияланым, оның ішінде импакт-факторы жоғары журналдарда 40-тан астам мақала жарияланды, бұл орындалатын зерттеулердің халықаралық деңгейде маңыздылығын растайды, ҚР 4 патент алынды. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жас ғалымдарының ғылыми нәтижелерін мойындау және оларға Д.А. Қонаев атындағы сыйлық беру университеттің Қазақстанның ғылыми-зерттеу қызметі және көрнекті жас зерттеушілерді даярлау саласындағы жетекші орында екендігіне тағы бір растау болып табылады.

Ары қарай оқу >>