Кафедраның тарихы
Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасы 1987 жылыплазма физикасы және оптикакафедрасы атауыменОптика және спектроскопия кафедрасының орнын басушы кафедра негізінде қаланды. Кафедраның құрамына мынадай оқу зертханалары: «Электр және магнетизм», «Атомдық физика», «Электротехника» және ЭТФҒЗИ плазма физикасы бөлімінің төрт ғылыми зерттеу зертханалары: плазмадағы корреляциондық және бейсызық құбылыстар зертханасы (меңгерушісі, ф.-м.-ғ.д, профессор Архипов Ю.В ), плазмалық үдеткіштер зертханасы (меңгерушісі, ф.-м.-ғ.д, доцент Жукешов А.М.), плазмадағы процестерді математикалық моделдеу зертханасы (меңгерушісі, ф.-м.-ғ.д, профессор Джумагулова К.Н.), тозаңды плазма және плазмалық технологиялар зертханасы (меңгерушісі, ф.-м.-ғ.к Досболаев М.Қ.), кіреді.
Оптика және спектроскопия кафедрасы 1949 жылы спектрлік анализ лабораториясы мен жалпы физика ренген кабинеті негізінде құралған. Профессор В.М. Кудрявцева (1949-1959 гг.), люминесценция кристаллофосфар маманы кафедраның ең алғашқы меңгерушісі болды. Осы кезеңде оптика және спектроскопия кафедрасында эмиссия – спектральдық анализ, люминесценция мен рентгенография бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілді (Ю.М. Сайченко, Н.С. Мендаков, А.П. Котельников).
П.П. Полатбеков |
Оптика және спектроскопия кафедраның дамуына үлкен үлес қосқан доцент П.П. Полатбеков 1950 - 1970 ж.ж. осы кафедраға жетекшілік еткен. Оның жетекшілігінде спектроскопия әдісімен зерттеудің барлық негізгі жұмыстары орындалды. Көптеген кандидаттық жұмыстарын қорғаған жас мамандар мен аспираттарға жетекшілік еткен (И.А. Жуков, А.В. Жеребенко, К.Б. Джуманов, Д.Г. Мухамбетов), оптика бойынша қазақ тілінде бірінші кітаптың «Оптикалық спектрлер» авторы болып табылады. |
Х.К. Сарсембаева |
1970 - 1978 ж.ж. кафедраның меңгерушісі ф.-м. ғ.к. доцент Х.К. Сарсембаева болды. Оның жетекшілігінде кристалдық фосфордың люминисценциялары және детектордардың жаратылу бойынша көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілді. Ол материалды-техникалық база және мұғалімдердің сапалы құрылымын жақсаруға көп үлес қосты. |
И.Л. Генкин |
1978 жылдан бастап кафедраны физ.-мат. Ғылымының докторы профессор И.Л. Генкин басқарды. Ол аспандық механика және жұлдыздардың динамикалық жүйелерін зерттеуде көп үлес қосты. Өзінің зерттеуінде (Л.П. Осипковпен бірге) «Жұлдыздық динамика жүйесіне кіріспе» атты ғылыми монографиясын «Ғылым» (Москва қ.) баспасында жазып шығарды. |
К.Б. Жуманов |
1994 - 1996 ж.ж. ф.м.-ғ.к. профессор К.Б. Жуманов кафедраны басқарды. Оның басшылығында кафедрада жалпы оқыту курстары бойынша әдістемелік құрал-жабдықтарға қамтамасыз етілуіне үлкен назар аударылған болатын. |
Ф.Б. Баимбетов |
1987 жылдан бастап оптика және плазма физикасы кафедраны ҚР ҰҒА. мүшесі ф.-м.ғ.д., профессор Бәйімбетов Ф. Б. басқарды. Оның көмегімен кафедрада плазма физикасын зертеуге және плазманың импульстык ағыны материалдармен әсерлесуін ғылыми жұмыстар басталған болатын. Баимбетов Ф.Б. басшылығымен жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарымен төрт докторлық диссертация қорғалды: Рамазанов Т.С. (1995 ж.), Джумамухамбетов Н.Г. (1997 ж.), Архипов Ю.В. (2003 ж.) және Ибраев Б.М. (2006). 2008 жылы Джумагулова Қ.Н. (ғылыми кеңесші прфессор Рамазанов Т.С) докторлық диссертациясы, ал 2010 жылы Давлетов А.Е., Жукешов А.М., докторлық диссертациялары қорғалды. Одан бөлек 24 кандидаттық диссертация тығыз газ және плазма физикасы бойынша қорғалды. Әр жылы бітірушілерді ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту нәтижесінде, бүгінгі таңда кафедраның оқытушы профессорлық құрамы біршама ғылым докторы, ғылым кандидаты және PhD докторларымен толықтырылды (Джумагулова К.Н., Габдуллин Г.Л., Давлетов А.Е., Жукешов А.М., Коданов С.К., Габдуллин М.Т., Туреханова К.М., Габдуллина А.Т., Амренова А.У., Меирканова Г.М., Аскарулы А., Ташев Б.А.). |
Ю.В. Архипов |
2004 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін ф.-м.ғ.д, профессор Архипов Ю.В. жүргізіп келеді. Ғылыми қызығушылығы – ғарыштық плазмадағы және зертханадағы динамикалық процестерді зерттеу болып табылады. Архипов Ю.В. басшылығымен 3 кандидаттық диссертация және екі PhD докторлық диссертациясы қорғалды. |
С.К. Қоданова |
2018 жылдан бастап кафедра меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Коданова С.К .. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы 2015 жылғы Мемлекеттік сыйлығының иегері. Профессор кафедрада жалпы және арнайы курстарды оқиды, студенттердің, магистрлік және докторлық диссертацияларға жетекшілік етеді. Ғылыми қызығушылығы: Плазма физикасындағы процестерді модельдеу. 100-ден астам ғылыми басылымдары бар. |
Арнайы курстар бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін кафедрада импульстік плазмалық үдеткіш жасалынды: «Газдық разряд физикасы», «Плазма диагностикасы» және «ИПА материал бетімен әсерлесуі» секілді арнайы курстар және де студенттердің курстық, магистрлік жұмыстарын арнайы плазма физикасы курсы бойынша орындауына арналған. Сонымен қатар осы эксперименталды қондырғыда ИПА материал беттерімен әсерлесуінің ғылымизерттеу жұмыстары жүргізіледі. Арнайы практикум, физикалық практикум бойынша зертханалық сабақтарды әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлектері физика бойынша базалық білімі бар, тәжірибелі мамандар Мурат Л.Т., Кусембаева М.Д., Иминова Н.А., Умирзакова С.А. жүргізеді. Олар зертханалық жұмыстарды орындауда, оқыту сабақтарына әдістемелік құралдар, оқу құралдарын дайындауға белсен қатысады.
Кафедраның академигі Ф.Баимбетовтың ғылыми мектебінен түлеп ұшқан қазіргі таңда, әлемдік аренада плазма физикасының мәселелерімен айналысып жүрген 7 ғылым докторы және 50 жақын ғылым кандидаттары және философия докторлары қызмет істейді. Бұл мектептен ұшқан түлектердің ғылыми еңбектері жоғары рейтингті ғылыми басылымдарда АҚШ, Англия, Германия, Франция, Япония, Ресей Халықаралық мәртебелі ғылыми конференцияларда жарық көріп келеді.
Ерекше атап өтетін жағдай қазіргі уақытта кафедра АҚШ, Германия, Корея, Япония, Испания әртүрлі университеттері және ғылыми ұйымдарымен бірлесіп тығызы плазманың қасиетін теориялық зерттеу негізінде, бөлшектердің өзара әсерлесу моделін, компьютерік өңдеу жолымен зерттеп келеді.