Тәрбие-әлеуметтік қызметі

Плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының тәрбие жұмысы

Студенттердің жоғары квалификациялы маман болу қалыптасу үшін оқу саласындағы іс шаралар ғана емес, тұлға болып қалыптасу үшін тәрбиелік сипаттағы іс шаралар да маңызды болып табылады

Оқу жылының басында мынадай нормативті құжаттар дайындалып әрекет етуге енгізілді: «оқытушының тәрбие жұмысының жоспары», «Кураторлық сағаттардығ тақырыбы», «Куратор-эдвайзерлардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жоспары», Жатақханада «кафедра күнін» өткізу кестесі. Кафедраның тәрбиелік жұмыстарды ағымдағы базалық негізде жоспарлау мен үйлестіру, әрбір оқытушының курстың, топтың, шығармашылыққа бейімделуіне зор мүмкіндік береді.

Бекітілген жоспармен кесте бойынша ағымдағы жыл ішінде кафедра мәдени іс шараларды әртүрлі үлгіде және әртүрлі әдіспен тәрбиелік жұмыстарын жүргізеді. Студенттермен жұмыс, жатақханада тұратын студенттермен, тәрбиелік жұмысты тексеру және қадағалау бөлімімен бірге студпрофком және деканның оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары толығымен атқарады. Университет жатақханасындағы қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында, күнделікті кешкілік уақытта декан басшылығымен бірге, профессорлық-оқытушы құрамының келісілген кесте бойынша кезекшілік жүргізіледі.

Куратор-эдвайзер сағатының тақырыптарымен сәйкесінше куратор эдвайзерлер студент жастарға әсер етудің әртүрлі механизмдерін пайдалынылады. Атап айтқанда жоғарыдағы әсер ету механизмдеріне ағымдағы оқу жылында үлкен масштабта акция, дөңгелек үстел, семинар-тренинг, дискуссия, құхық қорғау органдарының және денсаулық сақтау органдарының өкілдерімен кездесу. Аталған іс шаралар тәрбиелік сипатта оң әсер етіп, студенттерді бөтен қылықтан, қоғамда рухани физикалық тәрбиеде болуға үндейді.