Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

 ТМД оқу орындарының арасында өткен "Бɵбек" жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен "Үздiк студент - 2019" байқауының аясында "Электр энергетика" мамандығының студенті Асқарұлы Мұхит II дәрежелі дипломмен марапатталды  

 

 

 2019 ж. "Электр энергетикасы" мамандығының 2-3 курс студенттері инновациялық жоба СБИ-да (Студенттік Бизнес Инкубатор) I орынды иеленді, сонымен қатар "Электр энергетикасы" мамандығының 1 курс магистранттарының ғылыми жобасы III орынға ие болды.

2019 жылы PhD докторы Исанова Мөлдір Кеңесқызы және кафедраның аға оқытушысы Шаленов Ерік Оңғарұлы "әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің үздік жас ғалымы"  дипломымен марапатталды 
  Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының профессоры Ғабдуллин Маратбек Төлепбергенұлы «Ғылым қызметкері» номинациясы бойынша «Жыл адамы - Алтын адам» сыйлығына ие болды 
   Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, профессор Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы «Жылдың ең үздік ғалымы»  үшін беделді «Elsevier-Scopus» сыйлығын ие болды
Ф.м.-ғ.д., профессор Жұмағұлова Қарлыгаш Нұрманқызы «Ғылымдағы үздік әйел» беделді Elsevier-Scopus сыйлығына ие болды 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Физика (педагогика)» (педагогика ғылымдарының бакалавры)
Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлес үшін Оразбаев Сағи Амзеұлы марапатталды 
  "Электр энергетикасы" мамандығының  студенттері ҚР жоғарғы оқу орындары студенттерінің республикалық пән олимпиадасында "Электр энергетика" мамандығы бойынша топтық ойында II орын алды. 
"Электр энергетикасы" мамандығының 3 курс студенттері инновациялық жоба СБИда (Студенттік Бизнес Инкубатор) III орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі - ф.-м.ғ.к., доцент Досболаев Мерлан Қылышұлы (Сәуір, 2018)
ҚР білім және ғылым минстирінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының ғылыми облысында сіңірген еңбегі үшін ф.-м.ғ.к., профессор Қоданова Сандуғаш Құлмағамбетқызы "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМЫНА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ" үшін төсбелгімен марапатталды 
ҚР Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиын отырысының шешімімен «Физика» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Тілекқабыл Рамазанов ҚР ҰҒА академигі болып сайланды  
2017 жылы кафедра PhD докторы
Мұратов Мұхит Мұхаметнұрұлы
"ЖОО ең уздік оқытушысы - 2017" құрметті атағын алды 

Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен 2015 жылғы әл-Фараби атындағы Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының иегерлері кафедраның ғалымдар ұжымы атанды:

физ.- мат.ғыл. докт., проф.Рамазанов Т.С.

физ.- мат.ғыл.докт., проф.Джумагулова К.Н.

физ.- мат.ғыл.канд., проф.Коданова С.К.

физ.- мат.ғыл.канд., PhD докторГабдуллин М.Т.

физ.- мат.ғыл.канд., Досболаев М.К

2015 жылы кафедра меңгерушісі, профессор
Архипов Юрий Вячеславович 
мемлекеттік сыйлық"Құрмет" орденімен марапатталды
2015 жылы кафедра доценті
Досболаев Мерлан Қылышұлы
"ЖОО ең уздік оқытушысы - 2015" құрметті атағын алды
   2015 жылы кафедра доценті
Асқарұлы Әбдіәділ 
"ЖОО ең уздік оқытушысы - 2015"құрметті атағын алды
2014 жылы ректор бұйрығымен кафедра меңгерушісі
Архипов Юрий Вячеславович
университет дамуына қосқан үлесі үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 80-жылдығына арналған медалімен марапатталды

2013 жылы кафедраның профессоры, факультеттің деканы
Давлетов Аскар Ербуланович
"ЖОО ең уздік оқытушысы" құрметті атағын алды