Іс -шаралар

 

 

"Планетаны сақтауға көмектесу үшін не істей аламын"

  1.  "Планетаны сақтауға көмектесу үшін не істей аламын" тақырыбындағы Алматы қаласы СУР орталығының өкілі Севериненко Аленамен вебинар. Вебинарда "көміртегі ізін" қалай азайтуға болатынын туралы және біздің планетамызды сақтау үшін күнделікті өмірдегі тұрақты шешімдерге қысқаша шолу жасалынды.

ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫҮЗДІК СТУДЕНТТІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

 

«Мен қандай адаммын?»

 
  2023 жылдың 15 сәуір күні « Наноматериалдар және нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары: Муратов Дулат, Сәрсенбек Нұрдәулет және Сағындық Айдос “Компьютерлік физика” мен “Физика және нанотехнология” ББ 1-2 курс студенттеріне «Мен қандай адаммын?» тақырыбында ашық тәрбие іс-шарасын өткізді👏
Куратор-эдвайзер: Кенжебекова А.И.

ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

 

 "Физика және нанотехнология"ББ 1 курс студентіЕлеусінов Мұрат Жарқынбекұлы "Signalizing EyeglasseS"жобасы үшін СБИ (студенттік бизнес инкубатор) жыл сайынғы Инновациялық жобалар байқауында II орын алды.
Құттықтаймыз! 🎉
 
 

 

«Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі халықаралық ғылыми конференциясы-нәтижелері белгілі болды


 

 

 
  2023 жылғы 6 сәуірде физика-техникалық факультетте «Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі халықаралық ғылыми конференциясының «Плазма физикасы және нанотехнология» секциясының отырысы өтті.

Конференция бағдарламасы 24 баяндаманы қамтыды. Баяндамалардың тақырыптары плазма физикасының, заманауи нанотехнологияның, плазманың қасиеттерін зерттеудің сандық әдістерінің өзекті мәселелеріне арналды.

Секция отырысының қорытындысы бойынша:
- Бірінші орын «Ядролық физика» мамандығының 5 курс бакалавриат студенті Джиенбеков Насреддинге «Күшті магнит өрісіндегі идеалды емес плазманың транспорттық қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы үздік баяндамасы үшін берілді. Жиенбеков Насреддин бакалавриат студенті бола тұра осы тақырып аясында жоғары импакт-факторы бар журналдарда 2 ғылыми мақала жариялады.
- Екінші орынды 1 курс магитсранттары Қырықбай Бағлан мен Байғалиев Ақдаулет иеленді.
- Үшінші орын 1 курс магистранттары Ташкенбаева Ержан, Сәрсенбек Нұрдәулет және 4 курс бакалавриат студенті Тогасова Айжамалға берілді.
Барлық баяндамалар тезистер жинағына енгізілді. Жоспарланған халықаралық конференция өте жоғары деңгейде өтті. Жеңімпаздар ресми түрде физика-техникалық факультетінің деканының қатысуымен дипломдармен марапатталды.👏👏👏

 

«Qazaqsha quiz»  болып өтті.

17 наурыз күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Логистика және көлік академиясы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қатысумен «Qazaqsha quiz» атты зияткерлік сайыс өтті.

Қатысушы топтар 4 кезеңнен тұратын әр түрлі тақырыптағы зияткерлік сұрақтарға жауап беріп, қызықты тартыс болды. Сайыс қорытындысы ұпайлық жүйемен есептелініп, нәтижесінде жеңімпаздар анықталды. Барлық қатысушылар сертификаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Өткізілген күні: 17.03.2023

Өткізілген орны: Физика-техникалық факультет, 521 ауд.