Студенттердің шығармашылық шеберханасы

Сіздің жазғандарыңыз кейіпкерлеріңізге қандай да бір әсер ете ме?

10.02.2021

Қандай мақала болса да, онда кейіпкер немесе оқиғаға себеп болған адамның есімі болады. БАҚ туралы заңда кейіпкердің немесе студия қонағының рұқсатынсыз ол адамға байланысты ақпаратты жариялауға болмайды. Демек жазған мақала болсын, дайындаған хабарыңыз болсын, кейіпкердің жеке басына залал келтірмейтін, теріс пікір қалыптастырмайтын түрде болуы қажет.

Ары қарай оқу >>

Менің өмірімді өзгерткен кітап

20.01.2021

Жер бетіне шашып жіберген тағдырлар арасынан жаныңа жақын кісіні тауып алу – миллионнан бір адам ұтатын лоторея билетінің иегері болумен тең.  Жастардың назарын өзіне аударған бұл кітап – бәрін уақыт шайып кете беретін мына әлемдегі тұрақты махаббаттың барын жеткізгісі келгендей. Алматының ұзын-сонар, қиылыстан бұрылыс жасайтын көшелері пәк махабббатың, риясыз сезімінің көшірмесін айна қатесіз өмірден алып салғандай.  Әлішер Рахат  заманауи әдебиеттің қаңырап тұрған кеңістігін тағы бір махаббат хикаясымен  толтырды.

Ары қарай оқу >>

Краудсорсинг

20.01.2021

 

         2000 жылдардың басында Джеймс Суровецкидің "Көпшіліктің даналығы" ("Сиқыршылардың сиқыры") және Ховард Рейнгольдтың "Ақылды тобыр" ("Smart mobs") кітаптары жарық көрді, онда авторлар алғаш рет Интернет қолданушылары кейде кәсіби мамандар шеше алмайтын мәселелерді тиімді шеше алатындығын көрсетті. Сонымен қатар технологиялар нақты мәселелерді шешетін желінің тиімді сегменттерін анықтауға мүмкіндік береді.

Ары қарай оқу >>

БАЛА КЕЗІМНЕН СҮЙІКТІ ІСІМ – КІТАП ОҚУ

19.01.2021

«Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», - деген еді Ғабит Мүсірепов. Адам баласы көңілі жабырқаған сәттерде кітапты жанына медет тұтпаушы ма еді? Бірақ, бүгінгі қоғамда оқитын кітап көп те, оқырман аз. Кітап оқу - тұлға болып қалыптасуға ықпал ететін бірден-бір күш.

Ары қарай оқу >>

Соңғы жапырақ

09.01.2021

О Генридің «Соңғы жапырақ» новелласын осыдан он жыл бұрын оқыған едім. Бүгін қайтадан оқып отырып, он жыл бұрын сезінген сезімдерімді қайтадан басымнан өткергендей болдым. Көзіме ыстық жас келіп, кішкентай жүрегім тарсылдап қатты соқты.

   Бала кезімде денсаулығым нашар болып, ауруханаға жиі баратын едім. Сол кезде дәрігерім маған қызықты әңгімелерді және тәжіриебелерін айтып отыратын. Ол кісі « адамның миы компьютер секілді. Миға бұйрық берсең, ол соны орындауға өзін дайындайды. Миға 60 жас өмір сүрем десең де, 90 жасқа дейін өмір сүрем деп бұйрық берсең де, ми сол әрекетке барлық организмді дайындайды. Сол үшін кез-келген маңызды мәселені миға жеткізе білу керек» - деп үнемі айтып отырады. Мен осы айтылған сөздерді іс жүзінде жүргіздім. Шынымен де, шынайы сеніп, әрекет етсең кез-келген аурудың жазылмауы мүмкін емес.

Ары қарай оқу >>

«Удивительная история Петеря Шлемиля» туындысына мақала

09.01.2021

Питер Шлемил туралы туындыны оқыған адам таңғажайып қа да, махаббатқа да, сенім мен сезімге де бей-жай қарай алмайды. Басты кейіпкердің тарихы сұр киімді адаммен бір кездесуде жолығып, өз көлеңкесін сол адамға ақша толы әмиянға айырбастап жіберуімен басталады. Питер дәл осы әрекетінен соң бірден өкініп, көлеңкесіз адам тек күдік пен дұшпандықты оятады деген ойға келеді. 

Ары қарай оқу >>

Өнердің қадірі

09.01.2021

Бір аптаға созылған қысқы емтиханнан бүгін соңғы сабақты тапсырып шығып, туған жеріме жүйткіп жеткізетін пойызға келіп отырдым. Вагонда адам көп болғанымен, мен отырған купеде менен басқа ешкім болмады. Пойыз жүрмей тұрғанда заттарымды орналастырып, орынымды ыңғайлап алып бола бергенімде бір қарт әже есіктен жәйлап аттап ішке кірді. Жәй ғана амандасып болған соң, балаларына рақметін айтып шығарып салды. Мен іштей қасыма жолсерік болып әженің орналасқанына қуандым. Қарт кісі үндемей отыра алмайтыны белгілі. Әңгімені танысу-білісуден бастады. Оны айтып отырғанда-ақ біраз уақыт өтіпті. Әже бір сәт үндемей қалған соң, терезеге қарап отырған мен байқап қарасам ол кісі ұйықтап қалыпты. Мен де құлаққапты киіп, сүйікті әуендерімді тыңдап жатып ұйықтап кетіппін. Пойыз қатты бір теңселіп қалды.

Ары қарай оқу >>

КӨЛЕҢКЕСІЗ ҚАЛҒАН АДАМ...

09.01.2021

Адельберт фон Шамиссоның «Удивительная история Петеря Шлемиля»» туындысына мақала

 

Егер бұл шығарманың философиялық және ішінара өмірбаяндық көзқарасы бар екенін білмесем, мен оны ертегі деп қана қабылдар едім. Петерь Шлемиль кедейліктің азабын шегіп, азаптан құтылу үшін көлеңкесін сиқырлы әмиянға ауыстырады. Бірақ бұл шешім оны азаптан құтқармайды, керісінше тағы бір қайғы әкеледі. Мұндай жолмен алынған байлық оның сорына айналып, бақыт әкелмейді. Бұл оқиға бақыт байлықта емес екенін еске салады. Өмірде ақшаға айырбастауға болмайтын нәрсе бар. Кейіпкер соны ұмытып кетті. Кітапта контекст бар. Құрметті оқырман, егер сіз адамдар арасында өмір сүргіңіз келсе, алдымен көлеңкеңіз, содан кейін ғана ақшаңыз болу керегін ұмытпаңыз. Егер сіз өзіңізді дамытып, жетілдіру үшін өмір сүргіңіз келсе, онда сізге ешқандай кеңес қажет емес. Сонымен «бұл көлеңке нені бейнелейді?».

Ары қарай оқу >>

«КӨКІЛ» КҮЙІНЕ ЖОЛСАПАР ОЧЕРК

09.01.2021

«Көкіл» күйінің пайда болу тарихында айтылғандай, Қазанғап сияқты ел кезіп, атқа мініп даланы араламадым. Жаңа заманның құдіреті. Қалаған жеріңе жеткенше ұйықтаймын, тамақ ішем не ән салып, жолаушылармен достық орнатам десең де, өз еркің. Ал мен құлаққапты құлағыма салып, жаны жоқ жан досыма айналған қойын дәптерім мен қаламды ермек етемін. Дәл сол мезетте адамды бір жағынан қимастық, бір жағынан тағатсыздана күту сезімі билейді. Әрі құлақтағы құлаққап та соны сезетіндей сол мезетте мұңды бір әуенді тауып алады. Пойыз терезесінен табиғатқа телміріп қарағанда басыңа небір ой келеді.

Ары қарай оқу >>