"Шығыс қолжазбаларын зерттеу орталығы"

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің жанындағы

Шығыс қолжазбаларын зерттеу орталығының атқаратын жұмыстары

 

-         Қазақстан аумағында кездесетін шығыс тілдерінде жазылған қолжазбаларды жинақтап, қор құру;

-         Тарих, этнография, археология, филология, әдебиет, философия, дінтану, шығыстану, түркітану зерттеулеріне негіз бола алатын қолжазбалардың салалық көрсеткішін жасау;

-         Табылған қолжазбаларды зерттеу, ғылыми айналымға енгізу;

-         Осы жұмыстар арқылы қазақ тарихын, әдебиеті мен тілін, мәдениетін әлемдік деңгейде насихаттау, қазақ ғылымын жазба ескерткіштер арқылы таныту;  

-          Қазіргі таңға дейін шетел мамандарының еңбектері негізінде жүргізіліп келген қазақ даласына қатысты зерттеулерді түпнұсқа негізіндегі зерттеулер арқылы қайта зерделеу; сол арқылы отандық жаңа көзқарас тудыру, тың ғылыми -зерттеу тұжырымдар жасау; Жинақталған қордағы қолжазбаларды зерттеуге әлемдік тәжірибені, шығыстық және батыстық зерттеу әдістерін қолдану, атап айтқанда:

1-    транскрипциялау; 2- тілдік, -тарихи, -құрылымдық анализ жасау;

2-    сөздігін құрастыру; - аталған жұмыстар жүргізілген нәтижесінде монография, ғылыми- зерттеу жұмысы, жеке жоба немесе диссертациялық зерттеу түрінде ғылыми айналымға түсіру, сол арқылы бұрын ғылымда белгісіз болып келген жазба жәдігерліктерді баспадан жарыққа шығару

Басылым күні :  17.11.2020