1.Халифалар туралы хикая. Жылы: 1285 (һижра).

 

1. Қолжазба кітап, діни әңгімелер. Халифалар туралы хикая, бас-аяғы бүтін. Жылы: 1285 (һижра). Қара сөзбен жазылған. Беттері дәстүрлі сөзбен белгіленген. Кітаптың жазу стилі өзгеріп тұрады, сондықтан бұл кітапты бірнеше автор жазған болу керек. Кітап мұқабамен қапталған, беттері жақсы сақталған бірақ сарғайған. Басы мына сөздермен басталады:                   حضرت پادشاه علی الاطلاق..          بسم الله الرحمن الرحیم

Кейбір жерлерде сия жағылып кеткен. Кітаптың соңында автор «Оқығандар маған дұға қылсын» деп жазған. Авторы және кітаптың жазылған жері белгісіз. Кітап түркі (шағатай) тілінде жазылған. Мазмұны: хадистермен тарихи хикаялар жинағы. Жол саны: 15-17 арасы. Өлшемі: 257 мм * 145 мм. Соңы мына сөздермен аяқталады:

شد بتوفیق خدای لاینام       این کتاب روز چهارشنبه تمام