22/05/24 - «Ортағасырлық түркі медицинасы және мұралары: өткені мен бүгіні, зерттеу мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

22 МАМЫР 2024 ж.

ҚР ҒЖБМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК, әл-Фараби ҚазҰУ «Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО, Әзірбайжан ҰҒА М. Физули ат. Қолжазбалар институты «Ортағасырлық түркі медицинасы және мұралары: өткені мен бүгіні, зерттеу мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады. Конференция 2024 ж. 22-ші мамыр күні Әзірбайжан ҰҒА М. Физули ат. Қолжазбалар институтында Шығыс жауһары – Баку қаласында өтеді.

Таныстыру

Көне замандардан түрлі мәдениет пен өркениеттердің тоғысынан өтіп, бүгінге жеткен халық қазынасының бірі – түркілердің емшілік өнері. Емшілік өнер түрлі халықтардың дәстүрі, білімі, діні, дүниетанымы негізінде қалыптасқаны анық. Жібек жолы бойындағы халықтардың өзара мәдени алмасулары бұл өнерді одан әрі дамыта түсті. Көкжиегі кең емшілік өнер «халық медицинасы», «дәстүрлі медицина», «этномедицина», «комплементарлы медицина» деген бірнеше атауларға ие. Қалай аталса да, бұл сала зерттеушілердің терең білімі мен тәжірибесін талап ететін және өзара алмасуды қажет ететін сала. Ертеден келе жатқан бұл өнер тек соңғы уақытта ғылымдардың назарына ілігіп, ғылыми зерттеу нысанына айналды. Бүгінгі күндері түрлі елдердің ғалымдары түркілердің медицинасын зерттеуде. Осы ғалымдардың зерттеу нәтижелерін өзара талқылап, бұл бағытта тәжірибе алмасу үшін, болашақ зерттеу бағыттарын анықтау үшін ортақ сұхбат алаңы аса қажет. Сондықтан, түркілердің емшілік өнерін зерттеушілердің, бұл тақырыпқа қызығушылардың өзара сұхбатын құру, тәжірибелері мен білімдерін алмасуы үшін АР19675139 «Ортағасырлық түркі медицинасының парсы тіліндегі мұралары: «Таңсȳқ-нāме Илхāнӣ», «Асрāр ал-атиббā’» ғылыми-зерттеу жобасы аясында халықаралық конференция ұйымдастыру қолға алынды.

Конференция жұмысы емдік дәстүрлерге, дүниетанымдарға, медицина мен табиғи өнімдермен емдеу ерекшеліктері мен жазба медициналық мұраларының зерттелу мәселелерін талқылауға бағытталады. Шығыс халықтарының «классикалық» және жергілікті емшілік дәстүрлердің тарихи, философиялық, филологиялық, антропологиялық, социологиялық және ғылыми аспектілері қарастырылған мақалалар, әдебиеттерге шолу, зерттеу есептері қабылданады. Конференция барысында Әзірбайжан ҰҒА М. Физули ат. Қолжазбалар институты қорындағы құнды медициналық жазба мұралар көрмесі ұйымдастырылады.

Конференция тақырыптары мен бағыттары:

•        Жібек жолы бойындағы медициналық білімдер және мәдени алмасулар;

•        Түркі медицинасы және зерттелу мәселелері;

•        Шығыс және иунан (көне грек-рим) ортағасырлық медицинасы және ерекшеліктері;

•        Медициналық трактаттар, қорлар, зерттеулер және зерттеуші тұлғалар.

 

Маңызды күндер:

ü Аннотация мен мақалалар ұсыну уақыты: 30 сәуір 2024 ж.

ü Қабылданаған мақалалардың толық мәтінін жіберудің соңғы уақыты: 10 мамыр 2024 ж.;

ü Конференция аяндамашыларын тіркеудің соңғы мерзімі: 20 мамыр 2024 ж.

ü Конференция өтетін күн: 22 мамыр 2024 ж.

 

Өтетін жері, уақыты:

Конференция Әзірбайжан республикасы, Баку қаласы, М. Физули ат. Қолжазбалар институты ғимаратында 2024 жылдың 22 мамыр күні сағ: 10:00–17:30 (Баку уақытымен) өтеді.

Баяндама, презентация үшін 15 минут және талқылауға 10 минуттай уақыт беріледі. Конференция тілі: ағылшын, орыс және түркі тілдері. Конференцияға ұсынылған мақалалар жинағы жарияланады. Ұйымдастырушы тарап материалдарды конференция және ғылыми-зерттеу жоба тақырыбына қарай іріктеп алуға құқылы. Мақала жариялау тегін.

 

Қызығушылық танытқандар зерттеу мақалаларын wmsh.kaznu@gmail.com электронды мекенжай бойынша (Word немесе PDF форматта) жіберулеріне болады.

 

Материалдарды дайындау талаптары:

Форматы – А4, редакторы – WORD, қаріптің өлшемі – 12 (реферат, түйінді сөздер, әдебиеттер – 11, кестелер мәтіні - 9-11), Times New Roman, туралау – мәтін беттің толық енімен, интервал – 1,15, азат жол шегінісі – 1 см, шеттері: жоғарғы және төменгі – 2 см, солы мен оңы – 2 см.

Суреттер, кестелер, графиктер, сызбалар және т.с.с. нөмірленеді және тақырыбы беріледі (Мысалы, 1-сурет - Сурет тақырыбы). Суреттер, кестелер, графиктер мен сызбалардың саны мақаланың барлық көлемінің 50% -нан аспауы керек.

 

Мақала құрылымы:

Мақала атауы (Тақырып). Тақырып мазмұнды болуы керек және ұзындығы 12 сөзден аспауы керек. Мақала тақырыбы қою әріптермен кіші әріптермен, туралау ортасында беріледі.

Мақаланың авторы (авторлары) аты-жөні, тегі, жұмыс орны (аффилирленген жері), қаласы, елі, электрондық пошта. Авторлар туралы ақпарат тұрақты шрифтпен кіші әріптермен, ортасында туралау арқылы беріледі.

Аннотация мақала тілімен қатар ағылшын тілінде (200-500 сөз) жазылады.

Негізгі сөздер (5–7 сөз).

Мақала мәтіні жаңа беттен басталады және ол кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұруы керек. Көлемі 5000 сөзден кем емес (9-10 бет.).

Әдебиеттер тізімі мақала соңында көрсетіледі. Сілтеме немесе библиографиялық тізім APA стилінде (https://apastyle.apa.org/)10 атаудан кем болмауы керек.

Мақала авторлары ақпараттың, сілтемелердің, цитаталардың және әдебиеттер тізімінің дәлдігі мен сенімділігі үшін толық жауап береді.

 

 

 

Жауапты: Кайранбаева Н.Н., Абдраханов Д.М.

Байланыс тел: +7 777 300 69 92, +7 708 190 38 23

 

www.kaznu.kz

https://www.kaznu.kz/en/20995/page/

https://www.gylymordasy.kz/

https://www.manuscript.az/en/