4–5 қазан 2022 ж., «Далалық медицина: деректері, тарихы, қолданылуы, ұғымдары мен терминдері»

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ

ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

«ЖАЗБА ЖӘДІГЕР ЖӘНЕ РУХАНИ МҰРА»

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

 

4–5 қазан 2022 ж.

      

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығы ғалымдар мен зерттеушілерді, ұстаздар мен докторанттарды АР09259326 «Дастур ал-'илаж» - далалық медицина дереккөзі» ғылыми-зерттеу жобасы аясында ұйымдастыралатын

«Далалық медицина: деректері, тарихы, қолданылуы, ұғымдары мен терминдері»

атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

 

Таныстыру

Ортағасырлық жазба деректерде «Дешт-и Қыпшақ» аталған Орталық Азиядағы сайын дала бірнеше отырықшы, көшпелі халықтардың өзара мәдениеті мен өнері алмасқан, түрлі наным-сенімдер тоғысқан өлке болды. Осындай мәдениет мен өнер тоғысы барысында көшпелі халықтардың этномедицинасы қалыптасты. Халықтың күнделікті өмірінде қолданылатын емдеу әдістері, құралдары, аурудың себебі мен салдары жайлы түсініктері, дәрі-дәрмек жасау жолдары, т.т. алғашқыда ауызша жетіп, кейін олар жазба жәдігерлер беттерінде қаттала бастады. Орта Азияда жазылған медициналық трактаттар алғаш араб тілінде жазылса, XII ғ. бастап парсы тілінде жазыла бастады. Ал түркі (шағатай, ескі қыпшақ) тіліндегі медициналық еңбектер нақты қай кезеңнен бастап жазыла бастады деген сұрақтың жауабына нақты жауап айту қиын.

Бұл сұраққа жауап беру үшін медициналық жазба деректерге, ауыз әдебиет үлгілеріне және жаңа ғылыми зерттеулер мен пайымдарға үңілуіміз керек. Бұл саладағы зерттеулермен, жаңа ғылыми жаңалықтармен, идеялармен танысу мақсатында   АР09259326 «Дастур ал-‘илаж» - далалық медицина дереккөзі» ғылыми жобасы аясында «Далалық медицина: деректері, тарихы, қолданылуы, ұғымдары мен терминдері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады.

Конференцияда ең алдымен далалық медицинаға нақыт бір кезеңдерде ықпал еткен мұсылмандық, христиандық, буддалық, шамандық дәстүрлердегі медициналық таным-түсініктерге және ғылыми идеялар мен тәжірибелерге назар аударып, көшпелі халықтардың медицинасы бастауларына (истоки) кең ауқымда қарастыруды көздейді. Сондықтан, конференция материалдары жинағына түрік, парсы, арап, моңғол, қытай, славян халықтарының халықтық емінде қолданылған практикалар, медициналық өнімдер, құралдар, танымдар мен наным-сенімдер, дәстүрлер трансмәдени, философиялық және діни білімдер шеңберінде (контекст) қарастырған түрлі зерттеулер мен жазба жәдігерлер мен аудармалары, зерттеулері туралы қазақ, орыс, ағылшын, түрік тіліндегі мақалалар қабылдайды.

 

Конференцияның мақсаты: ортағасырлық медицинаның тарихи-мәдени маңызын кең көлемде саралау, халық емшілік мәдениетінің қалыптасу, даму, таралу үдерісін зерделеу, зерттелу деңгейін, мәселелерін қарастыру, бүгінге жеткен медицина тақырыбындағы жазба жәдігерлердің зерттелуіне назар аудару.

 

Конференция тақырыптары мен бағыттары:

-        этномедицина терминдік мәні, ерекшеліктері, тарихи бастаулары;

-        халық медицинасының әлеуметтік-экономикалық, ғұрыптық, діни -культтік және басқа да этникалық мәдениеттің аспектілеріндегі көрінісі;

-        медицина саласындағы ортағасырлық жазба жәдігерлер, зерттеулер, персоналиялар;

-        түркі халықтарының емшілік мәдениеті;

-        халық медицинасы саласындағы мәдениеттер мен ғылымдар тоғысы.

 

Маңызды күндер:

-        2022 жылдың 25 мамыр: Мақала тезисін (700 сөзден кем емес) қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде қабылданады;

-        2022 жылғы 26 мамыр: тезистері қабылданған авторлар хабардар етіледі және толық мақалаларды жазуға шақырылады;

-        2022 жылдың 25 қыркүйек: қатысушылардың толық мәтінді мақалаларын тапсырудың соңғы мерзімі;

-        2022 жылдың 4–5 қазан: «ZOOM» платформасында онлайн және оффлайн форматта конференция өтеді.

 

Өтетін жері, уақыты:

Конференция Қазақстан республикасы, Алматы қаласы, Қарасай батыр көш. 95, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультеті ғимаратында 2022 жылдың 4–5 қазан күні сағ: 14:00–17:30 (Нұр-Сұлтан уақытымен) өтеді. Баяндама, призентация үшін 25 минут және талқылауға 10 минуттай уақыт беріледі.

Конференцияға ұсынылған мақалалар жинағы жарияланады. Ұйымдастырушы тарап материалдарды конференция және ғылыми-зерттеу жоба тақырыбына қарай іріктеп алуға құқылы. Мақала жариялау тегін.

 

Қызығушылық танытқандарға материалдарын desturalilaj@gmail.com электронды мекенжай бойынша (Word немесе PDF форматта) жіберулеріңізді сұраймыз.

 

Материалдарды дайындау талаптары:

Форматы – А4, редакторы – WORD, қаріптің өлшемі – 12 (реферат, түйінді сөздер, әдебиеттер – 11, кестелер мәтіні - 9-11), Times New Roman, туралау – мәтін беттің толық енімен, интервал – 1,15, азат жол шегінісі – 1 см, шеттері: жоғарғы және төменгі – 2 см, солы мен оңы – 2 см.

Суреттер, кестелер, графиктер, сызбалар және т.с.с. нөмірленеді және тақырыбы беріледі (Мысалы, 1-сурет - Сурет тақырыбы). Суреттер, кестелер, графиктер мен сызбалардың саны мақаланың барлық көлемінің 50% -нан аспауы керек.

 

Мақала құрылымы:

Мақала атауы (Тақырып). Тақырып мазмұнды болуы керек және ұзындығы 12 сөзден аспауы керек. Мақала тақырыбы қою әріптермен кіші әріптермен, туралау ортасында беріледі.

Мақаланың авторы (авторлары) аты-жөні, тегі, жұмыс орны (аффилирленген жері), қаласы, елі, электрондық пошта. Авторлар туралы ақпарат тұрақты шрифтпен кіші әріптермен, ортасында туралау арқылы беріледі.

Аннотация (мақала тілімен қатар ағылшын тілінде 200-500 сөз).

Негізгі сөздер (5–7 сөз).

Мақала мәтіні жаңа беттен басталады және ол кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұруы керек. Көлемі 7000 сөзден көп емес.

Әдебиеттер мақала соңында көрсетіледі. Сілтеме, пайдаланылған әдебиеттер тізімі немесе библиографиялық тізім APA стилінде (https://apastyle.apa.org/) болуы керек.

Мақала авторлары ақпараттың, сілтемелердің, цитаталардың және әдебиеттер тізімінің дәлдігі мен сенімділігі үшін толық жауап береді.

 

 

Жауаптылар:                                Кайранбаева Н.Н.,    Абдраханов Д.М.

Байланыс телефоны (WathsApp): +7 777 300 69 92,    +7 708 190 38 23.