ШАҒАТАЙ ӘДЕБИЕТІНІҢ СОПЫЛЫҚ АҚЫНЫ ШАХ МАШРАБТЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ

 

ШАҒАТАЙ ӘДЕБИЕТІНІҢ СОПЫЛЫҚ АҚЫНЫ ШАХ МАШРАБТЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Кітапханасы сирек қолжазбалар қорында кездесетін Шағатай әдебиетінің сопылық ақыны Шах Машрабтың өлеңдері

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Кітапханасында сирек кітаптар мен қолжазбалар кездесетін және құнды басылымдар қорында араб графикасымен жазылған 362 қолжазба бар. Қолжазбалардың 180-і араб, 100-і парсы және 82-сі шағатай тілінде жазылған.

Қазіргі таңда ҚазҰУ Шығыстану факультетіндегі «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығы осы қолжазбалармен жұмыс істеуде. Орталық осы қолжазбалардың транскрипттерін, аудармасын жасауда. Сонымен қоса ҚазҰУ Шығыстану Факультеті, Түрксой кафедрасының магистрант және докторант студенттері Шағатай тілінде жазылған қолжазбаларды диссертациялық жұмыс ретінде зерттеуде. Осылайша ҚазҰУ Шығыстану факультеті, Жазба жәдігер және рухани мұра ғылыми-зерттеу орталығы осы қолжазба кітаптарды ғылыми айналымға салуды көздеп отыр. Тарихшылар мен филологтар осы қолжазбаларды ғылыми зерттеу тақырыптары ретінде қолдана алады.

ҚазҰУ Кітапханасы сирек қолжазбалар қорында Шағатай тілінде ең көп кездесетін Шағатай әдебиетінің сопылық ақыны Шах Машрабтың бірнеше қолжазба кітабы бар. Машраб – Шағатай әдебиетінің соңғы кезеңінің ақыны және өлеңдерін шағатай тілінде жазған. Сонымен қатар араб, парсы тілдерінде жазған өлеңдері де бар. Оның поэзиясының негізгі тақырыбы – махаббат. Құдайдың махаббаты да, адам махаббаты да оның поэзиясының ажырамас бөлшегі болған.

Шах Машрабтың қолжазба кітаптары ҚазҰУ Кітапханасы сирек қолжазбалар қорында №4, 18, 27, 28, 36 нөмірлерімен тіркелген.

«Жазба жәдігер және рухани мұра ғылыми-зерттеу орталығының» директоры, доцент: Шадкам З.

Түрксой кафедрасының оқытушысы, ғылыми қызметкер: Есіркеп Т.О.