2.«Юсуф пен Зулиха» поэмасы.

 

2. Қолжазба кітап. «Юсуф пен Зулиха» поэмасы. Бас-аяғы түгел. Авторы, жылы көрсетілмеген. Түркі (шағатай) тілінде жазылған. Мұқабамен қапталған. Кітаптың беттері ескі, беттердің шеттеріне су тиген, кейбір беттері жыртылған бірақ мәтін бүтін қалпында. Басы мына сөздермен басталады: بسم الله الرحمن الرحیم       یراتکانکا قلبدین حمد بیحد ....

Кітаптың кейбір жерлерінде сиялар дұрыс көрінбейді сондықтан оқылмайды. Кітап пергамент материалында жазылған. Мазмұны: махабат, ғашықтық дастаны. Беттері дәстүрлі сөзбен белгіленген. Кейбір беттері дұрыс сақталмаған. Өлшемі: 260 мм * 45 мм.  Жол саны: 13.  Соңы мына сөздермен аяқталады:یتورکای سن اوشالدم دعانی