Қазақ-парсы тілдерінде каталогін дайындау жұмысы жүргізілді

 
02.07.2023 ж. – 20.08.2023ж. аралығында парсы және араб тілдеріндегі қолжазбалардың қазақ-парсы тілдерінде каталогін дайындау жұмысы жүргізілді.
https://farabi.university/news/82422?lang=kz
Әл-Фараби кітапханасына 2021 жылы Қызылорда қаласынан әкелінген шығыс тілдеріндегі сирек басылымдар мен қолжазбалар қаралып, 2022 жылы басылған Каталогында («Қазақ университеті» баспасы, 2022 ж.) араб және парсы тілдерінде кітаптардың саны 266 деп көрсетілген. З.Шадкам мен Др. Атефе Зандимен бірлесе отырып, тізімдеме қайтадан қарастырылып, реттеліп, жасалынған жұмыстың нәтижесінде 400 кітап анықталып, тіркелді.
Парсы, араб тілдеріндегі қолжазба және литографиялық деректерінің тізімі жасалып, 400-бөлек папкада реттеліп, нөмерленіп, тіркелді.
01.07.23-20.08.2023 ж. аралығында «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының директоры проф. м.а. З.Шадкам мен ғылыми қызметкер Др. Атифе Занди дүйсенбі күннен сенбі күні түске дейін (9:00-18:00) жұмыс істеп, каталогты реттеді. Келген маман өте тиянақты, жауапкершілігі мол, тәжірибелі ғылыми қызметкер екені анықталды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде қазіргі таңда Иран Ислам мемлекеті «Дайретуль Марифи Бозорге Ислами» орталығының осы каталогтың жұмысы аясында құрылған комиссиясы зерттеп жатыр. Нәтижеде: Әл-Фараби кітапханасының қазақ-парсы тілдерінде каталогы реттеліп, қазақ және парсы тілдерінде басылып шығады.

З.Шадкам

Н.Кайранбаева

Басылым күні :  25.12.2023