27 наурызда рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушылары және студенттері болашақта университетіміздің әлеуетті студенттері Якутиядан келген оқушыларға арналған ҚазҰУ кампусы бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді

27.03.2023

Көрулер: 658

27 наурызда рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушылары және студенттері болашақта университетіміздің әлеуетті студенттері Якутиядан келген оқушыларға арналған ҚазҰУ кампусы бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді.
Экскурсия барысында қонақтарды ҚазҰУ тарихымен, университеттің инфрақұрылымдық бөлімшелерімен таныстырды. Университет кітапханасымен танысу, ҚазҰУ-дың тарих мұражайына, сондай-ақ "Кереметке" бару үлкен қызығушылық тудырды.
Рекрутинг бөлімінде балаларға біздің университетке түсу ережелері туралы толық мәлімет берілді, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берілді, көрнекі материалдар – брошюралар, буклеттер таратылды және біздің университет туралы естелік ретінде ҚазҰУ символикасы бар дәптерлер мен күнтізбелер сыйға тартылды.
Кездесу соңында қонақтар ұйымдастырушыларға ҚазҰУ кампусына мазмұнды экскурсия жасағаны және университетпен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.