«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әділетті қоғам орнатудың тетігі» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында кураторлық сағат 01 желтоқсан 2022 ж.

01.12.2022

Көрулер: 764

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашада қабылданған. Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған. Осы заң аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әділетті қоғам орнатудың тетігі» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырылды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақ ұлттық университеті "Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесімен бірлесіп "студенттерді парасаттылық пен ізгілікке үйрету" жобасын іске қосты.

Осы тақырып барысында студенттерге сыбайлас жемқорлық туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ақпараттар берілді және студенттер түсінгендері бойынша өз пікірлерімен алмасты.

Ұйымдастырушылар: Рекреациялық география және туризм оқытушылары Алиева Ж.Н., Тумажанова М.О. Орынбасарова Г.О. және Туризм, МІжҚБ 2 курс студенттері