«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛАНДЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА МАСТЕР-КЛАСС
03.05.2022
Көрулер: 1433
2022 жылдың 7 сәуір күні “Kazakh Tourism” Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының ішкі туризмнің онлайн академиясы курстарының және туризм саласындағы құзыреттерді жетілдіру жобаларының продюсері Суранчиева Ел-Дана Аманжолқызы «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында туризм мамандығы студенттері үшін «Қазақстанның туризм және қонақжайлылық саласындағы цифрландыру» тақырыбында мастер-класс өткізді.
Мастер-класс барысында туризм менеджерінің қызметі, туризм саласында кәсіпқой болу үшін нені білу керек және мастер-класс қатысушылары қойған сұрақтар мен жауаптар қарастырылды.
Мастер-класс қызықты және белсенді түрде өтті.






