«CТУДЕНТТЕН КӘСІПҚОЙҒА ДЕЙІН!» ТАҚЫРЫБЫНДА МАСТЕР-КЛАСС

03.05.2022

Көрулер: 953

2022 жылдың 7 сәуір күні SXODIM.TRAVEL туроператорының тең құрылтайшысы және директоры Омар Меруерт Мухитқызы «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында туризм мамандығы студенттері үшін «Cтуденттен кәсіпқойға дейін!» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Мастер-класс барысында туризм менеджерінің қызметі, туризм саласында кәсіпқой болу үшін нені білу керек және мастер-класс қатысушылары қойған сұрақтар мен жауаптар қарастырылды.

Мастер-класс қызықты және белсенді түрде өтті.