Мемлекеттік орталық мұражайға экскурсия

31.03.2022

Көрулер: 1808

2022 жылдың 31 наурыз күні Рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушысы С.А. Моминов өз эдвайзерлік тобымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық мұражайына барды. Мұражайдың залдарында танымдық экскурсияны кәсіпқой гид-экскурсиятанушы жүргізді.

Анықтамалар үшін. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайы – тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азия аумағына танымал, бірегей әрі көне музейлердің бірі. Оның қоры 300 мыңға жуық материалдық және рухани мәдениет құндылықтарынан тұрады. Қазіргі таңда мұражайда тұрақты жеті экспозициялық зал жұмыс істейді, түрлі мазмұндағы коллекциялар көрерменге Қазақстанның байырғы палеонтологиясы, ежелгі, ортағасыр, жаңа және қазіргі заманғы тарихы мен мәдени мұрасы жайлы толыққанды мағлұмат алуға мүмкіндік береді.