Өнер мұражайына танымдық экскурсия

17.03.2022

Көрулер: 1328

2022 жылдың 16 наурыз күні Рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушысы С.А. Моминов «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығының 3 курс студенттеріне Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына экскурсия ұйымдастырды. Мұражайдың залдарында танымдық экскурсияны кәсіпқой гид-экскурсиятанушы жүргізді. Экскурсия барысында студенттер Қазақстанның XIX-XX ғасырлардағы сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен танысты.