COVID-19 пандемиясы кезіндегі туризм

07.04.2021

Көрулер: 1753

 

 

2021 жылдың 7 сәуір күні сағат 16:00 де «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында рекреациялық география және туризма кафедрасы ZOOM платформасы арқылы «COVID-19 пандемиясы кезіндегі туризм» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге 32 адам қатысты. Дөңгелек үстел рекреациялық география және туризм кафедрасының 1-курс докторанты, «Фараб» туризм бойынша халықаралық агенттігі сату бөлімінің бастығы Литвинова-Куликова Л.А. тарапынан ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар пандемияның әлемдегі және Қазақстандағы туризм саласына әсерін азайту мәселелерін, әлемдік туризмді трансформациялау шаралары мен пандемия кезіндегі және пандемиядан кейінгі ішкі туризмді дамыту мәселелерін талқылады.