Береке бастауы – әз Наурыз

20.03.2021

Көрулер: 1739

 

2021 жылдың 20 наурызында рекреациялық география және туризм кафедрасының 2 курс студенттері көктем мерекесі Наурызға арнап онлайн мерекелік концерт ұйымдастырды.

Жыл басы болып саналатын Наурыз – бұл ерекше әрі киелі мейрам. Наурызда табиғат ана жасарып, жасанады және тіршілік әлем оянып, күн мен түн теңеледі.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз – бұл бірлік пен татулықтың, ізгілік пен жаңарудың, ынтымақ пен сенімнің мейрамы. Қазақ халқы бұл мейрамды шығыстың басқа да халықтары сияқты аса құрметпен атап өтеді.

Концерт барысында студенттер домбырамен күй тартты, ән айтып, би биледі, Наурыз мейрамына және қазақ халқының ұлттық салт-дәстүріне байланысты сайыс ұйымдастырды. Сонымен бірге, мақал-мәтел айтып, өздерінің тілектерін білдіре кетті.