«Д.А. Қонаевтың Қазақстан тарихында алатын орны» атты тақырыпта кураторлық сағат

25.02.2021

Көрулер: 2342

 

2021 жылдың 25-ші ақпанында рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушысы С.А. Моминовтың кураторлық тобында «Д.А. Қонаевтың Қазақстан тарихында алатын орны» атты ашық кураторлық сағат өткізілді. Аталған іс-шараға студенттер мұқият дайындалды және оны өткізуге бар жауапкершілікпен қарады. Кураторлық сағатқа студенттер Дінмұхаммед Қонаевтың өмірбаяны жайлы презентация мен кішкентай блиц-сауалнама дайындады.

 

Бәріміз білетіндей, қазіргі Қазақстан тарихында Дінмұхаммед Қонаевтың алатын орны өте өзгеше. Себебі, ол кісі ел басқарған кезде Қазақстан өмірдің барлық салаларында – өнеркәсіп пен ауыл шаруашылықтан тартып мәдениет пен спортқа дейін үлкен жетістіктерге жетті. Іс-шара достық және жылы атмосферада өтті.