Дресс-код туралы не білесіздер?

29.01.2021

Көрулер: 2176

 

 

29 қаңтар күні сағат 15:00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушысы Моминов С.А. және С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ өсімдік қорғау және карантин кафедрасының оқытушылары Жақып Д. және Сертек Н.М. ұйымдастыруымен «Дресс-код туралы не білесіздер?» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Туризм» мамандығының екінші курс студенттері (4-ші топ, қ/б) және «Өсімдік қорғау және карантин мамандығының» 2-3 курс студенттері қатысты. Дөңгелек үстел қызықты, көңілді және белсенді түрде өтті.