«Абай-дана, Абай-дара қазақта»

11.11.2020

Көрулер: 1655

11 қараша күні қазақтың ақиық ақыны, халқымыздың мақтанышына айналған Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылына орай «6В11101-Туризм» мамандығының 1 курс студенттері «Абай- дана, Абай-дара қазақта» деген тәрбиелік сағат ұйымдастырған болатын. Тәрбие сағатының бірінші бөлімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Абай аманаты" атты мақаласын талдаудан басталды. Екінші бөлімде Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы құрастырылған викториналық сұрақтар орын алды. Келесі бөлімде «Абай мен Тоғжанның арасындағы ұлы махаббат жайында ....» және «Абайдың өмірі» жайлы қойылған көрініс ерекше толғандырды. Бір қызығы республикамыздың түкпір-түкпірінде он-лайн форматта оқып жатқан 1 курс стеденттері видео көріністі ұйымдастыруы болды. Он-лайн форматта ұйымдастырылған кеш студенттер тарапынан қызығушылығын оятып, Абайды тануға тағы да бір қадам жасалғанының белгісі болмақ.