Студенттер қашықтықтан оқыту жайлы
Көрулер: 1966
Біз, география және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасы «Туризм» мамандығының 2-ші курс студенттері оқу үдерісі жайлы бейнетаспа түсірдік. Қашықтықтан оқыту режиміне қарамастан, бізге барлық оқыған пәндеріміз ұнады және олардың әрқайсысы өзінің аспектілерімен бізді қызықтырды. Болашақта ұстаздарымыз бен тәлімгерлеріміздің сіңірген еңбегінің арқасында білікті маман болып, еліміздің туризм саласын дамытуға ат салысатынымыз сөзсіз.
Осы бейнетаспада біздің ерекше қызығушылығымызды тудырған «Экологиялық туризм негіздері» пәнінің оқытушысы Алиева Жаннат Нарикбаевнаға алғысымызды білдірдік, себебі елімізде экотуризмнің дамуы өте өзекті болып саналады. Қазіргі таңда еліміздің ең мықты жоғары оқу орнында, ең білікті ұстаздардан білім алып жатқанымызды мақтан тұтамыз. Кафедрамыздың барлық ұстаздарына шексіз алғысымызды білдіреміз!
Бейнебаянға сілтеме: https://youtu.be/-pHzFGkkCJA






