Baishun International Travel Company компаниясының өкілімен онлайн-форматта кездесу
08.12.2020
Көрулер: 1808

2020 жылы 8 желтоқсанда сағат 18.00-де Baishun International Travel Company (Өзбекстан, Ташкент) компаниясының өкілі Сталифа Бектұрсынмен онлайн-форматта кездесу өтті.
Кездесу барысында Сталифа Өзбекстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасындағы туризм саласындағы жұмыстың ерекшеліктері туралы айтты. Ол өзінің еңбек жолындағы жетістіктерімен бөлісті, студенттердің сұрақтарына жауап берді, сонымен қатар өз бетінше білім алу, кәсіпқойлықты арттыру қажеттілігі туралы атап өтті, университет түлектеріне болашақ маман ретінде тәлім берді.
Өз кезегінде студенттер қонаққа қызықты және өте пайдалы әңгіме үшін алғыстарын білдірді.
Іс-шара ZOOM платформасында өтті.
Ұйымдастырушылар: Алиева Ж. Н., Абдреева Ш. Т.






