«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобалары байқауы

15.04.2020

Көрулер: 1732

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобаларының жыл сайынғы байқауы өткізілді. Байқау барысына рекреациялық география және туризм кафедрасы атынан «Public Hostel» жобасы ұсынылды. Жобаның басты мақсаты теңіз контейнерлерінен қоғамға экологиялық таза және қол жетімді баспаналар ұсыну болып табылады. Байқау онлайн режимде өткізілді. 
Жобаға қатысушылар: Сапиева А.Ж., Укиева Н.Н. Жобаның ғылыми жетекшісі: Ақтымбаева А.С.  Олар өздерінің білімдерімен және шеберліктерімен жүлделі III - орынға ие болып, 75 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алды.