Жаңалықтар
Мерейтой. 60 жас
03.03.2023Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, «Баспагерлік-редакторлық өнер» кафедрасының ұжымы ой асылының шыңы, ақыл, парасат өлшемі – білімді ғылыммен ұштастырып, ұстаздықпен алған алты белесі – 60 жасқа толу мерейтойымен Ибрагимов Ниетжан Абикуловичті шын жүректен құттықтайды! Ұстаздық дəуіріндегі ұлы күшіңіз тоқтамасын! Мерейтойыңыз құтты болсын, жанұяларыңыздың ұйытқысы - өнегенің өрнегін салып, жан жылуын төгіп жүрген жарыңыздың, ұлағат, парасат пен шапағат төгілген дана тұлға тəрбиелеген балаларыңыздың амандығын тілейміз, ғұмырыңыз ұзақ болсын! Осындай мерейлі күні Сізді шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, бақыт, табыс тілейміз!
Жаңа кітап. Жаңа эмоция!
21.02.2023«Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының қоржынына жаңа кітап қосылды! Ұжымдастар профессор, дизайнер Жанарбек Берістеновтің Тұран романтизмі“ атты альбом-кітабының авторымен қауышып, әлемнің танымал дизайнер-суретшілерінің еңбектерімен танысты.
Мықты әйел
16.02.202316 ақпан күні елімізге танымал ақын-жазушы Фатима Забурақызы университетімізде өз кітабын таныстырды. Әр түрлі аймақтан қонақтар келіп, апайымызды құттықтады. Тұсаукесерде ән де, би де болды. Осы кеш студенттерге керемет көңіл-күй сыйлады. Тіпті, Забира ханымның қолы қойылған кітаптарды да сыйға алды.
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
14.02.2023Журналистика факультетінде ашық есік күні ұйымдастырылып, мектеп оқушылары баспа ісі, дизайн, журналистика, жаңа медиа, коммуникация мамандықтарына байланысты білім беру бағдарламаларымен танысты. Факультет профессорлары мен практик мамандардың кеңестерін, шеберлік cабақтарын тыңдаған талапкерлер өздерінің таңдаған мамандықтары туралы көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, оған тиісті жауаптарын ала алды. Сонымен қатар, ҰБТ кезінде шығармашылық мамандықтарды таңдау тетіктері жөнінде де жан-жақты айтылды. Іс-шара соңында талапкерлер факультеттің оқу-өндірістік базасымен танысты.
Сәтті кездесу
14.02.202314 ақпан күні кафедрамызда керемет кездесу өтті. Белгілі тележурналист-публицист Арай Сахариева студенттермен өз тәжірибесімен бөлісті. Шеберлік сағаты студенттердің қызығушылығын арттырып, ойдағыдай өтті.
Шеберлік сағаты
13.02.2023Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының аға оқытушысы Данаева Нұрлыайым Тұрсынбайқызының ұйымдастыруымен “Аудио және бейне материалдарды өңдеу” пәнінің аясында “Аудио кітаптарды дыбыстау алдында жасалатын кәсіби жаттығулар мен техникалар” атты шеберлік сағатына сөз шебері-тренер Алишер Теменов шақырылып, “Дизайн” мамандығының 3 курс студенттері өздері оқып жатқан аудиокітаптарды дыбыстауда болып жатқан кедергілердің алдын алудың техникаларын үйреніп, артикуляциялық, диафрагмалық түрлі жаттығуларды меңгерді.
"Білікті баспагер, шебер дизайнер дайындау уақыт талабы"
08.02.2023әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнеркафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рамазан Айгүл Әмірғалиқызы білікті баспагер, шебер дизайнер мамандарға сұраныс жоғары екеніне тоқталды. Осы мамандарды дайындап жатқан кафедраның тарихы мен жас буынға үлгі ретінде кафедрадан түлеп ұшқан елімізге есімі мәшһүр түлектер турасында айтты.
Халықаралық және ұлттық рейтингтерде көш басында болу уақыт талабы. Осы ретте ол кафедраның халықаралық байланыстарды дамыту бойынша да бірқатар жоспарларымен бөлісті.
Соңғы жылдары өндірісте жүрген кәсіби тәжірибелі мамандарды сабақ беруге тартқан жақсы үрдіс өз нәтижесін беріп жатқанын атап көрсетті.
Тұран романтизмі
20.11.20222022 жылы «Баспа ісі және дизайнерлік өнер» кафедрасының профессоры, философия ғыл.кан. Ж.Т. Берістеновтің «Тұран романтизмі» атты альбом- монографиясы шықты.
Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына шақырылған онлайн көрменің қорытындысы ретінде, Еуразияның 31 елінен үздік деген 252 суретшінің шығармаларын біріктірген альбом 3 тілде (қазақ, ағылшын, түрік) жарыққа шықты. Әр том 400 беттен тұрады. 2 томда да замануй стильдік бағыттар өнертанулық сараптама бойынша топтастырылған.
Ұлттық кітап ісі: бәсекеге қабілеттілік хақында
11.11.2022Қараша айының 11-і күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасында «Ұлттық кітап ісі: бәсекеге қабілеттілік хақында» атты тақырыпта «Steppe&WORLD Publishing» баспасы мен «Alghayat» әдеби агенттігінің негізін қалаушы Раиса Сайранмен шеберлік сағаты өтті. Кездесу барысында баспа саласының қыр-сыры түсіндіріліп, әр кітапты аударудағы автор құқығын алудан бастап оның қазақ тілінде жарыққа шығуына дейінгі команданың еңбегі, қазақ тілінде кітап оқудың артықшылықтары жайлы сөз қозғалды.







