Жаңалықтар

Кезекті шеберлік сағат

28.10.2023

Бүгін баршаға ортақ Атамұра баспасының редакторы Райхан Райбаевамен шеберлік сағаты өтті. Қонағымыз кітаптың біздің қолымызға жеткенге дейінгі сатыларымен таныстырып, баспа қызықтары мен қиындықтарын айтты. Қандай кітап басылып шыққанын, қандай жаңа енгізулер мен өзгертулер, баланың логикалық өсу деңгейін дамытатын түрлі

Ары қарай оқу >>

«Фараби әлемі»! халықаралық студенттер мен жас ғалымдар конференциясының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

10.04.2023

Конференцияда ең белсенді болған баспа ісі және дизайн секциясы болды. Авторитетті комиссия ұсынылған ғылыми жұмыстарды қарастырып жеңімпаздарды анықтады.

Баспа-редакторлық және диайнерлік өнері кафедрасының студеннерінің ғылыми баяндамалыры құрментті грамоталармен, сертификаттармен, дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Проректор Н. Айдосовпен куәландырылған дипломдардың 7 йелері:

Мухамедиева Адель, 1-ші орын, Суйебеков Адилет, Джалдыбаева Айрика, 2-ші орын, Дарбаева Даяна, Салиева Малика, Абдижапар Шахизат, Ли Элеонора, 3-ші орын.

"Фараби әлемі" студенттер мен жас ғалымдар халықаралық ғылыми конференциясында 2023 дылы 6-8 сәуірде қатысып сөз сойлегені үшін 2 курс студенті Мухамедиева Адель(ғылыми басшысы – ст. мұғалім Мухамадиева Л.И ) 3-ші деңдейдегі Ректорлық Дипломмен марапатталды. Баяндаманың тақырыбы «Шетелдік студенттік газеттерге шолу: контент және ресімдеу».

9 қатысушылардың тезистері "Фараби әлемі" ғылыми жинағында, 2023 жылғы халықаралық студенттер мен жас ғалымдар конференциясы материалдарының арасында жариаланды.

 

Ары қарай оқу >>

Ғылым соқпағымен

07.04.2023

2023-ші жылдың 7-ші сәуірінде, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның журналистика факультетінде «Фараби Әлемі» халықаралық студенттер мен жас ғалымдар ғылыми конференциясы өтті. Ғылыми форумға баспа-редакторлық және дизайн өнерінің кафедрасы балсенді қатысты. Конференцияда баспа ісі мен медиадизайн студенттерінің қызықты баяндамалары таныстырылды.

Тақырыптарда баспа ісінің жұмысы, медиапроекттерді жарыққа шығару, дәстүрлі және жаңа медианың рәсімдеуі мен контентінің аспекттерін қозғалды. Әсіресе қазақстанға қатысты тақырыптарға ерекше көңіл бөлінді: баспагерлік индустриясы мен визуалды журналистиканың ерекшелігі. Қызығушылықты тартқан баяндамалар қазақ кітабінің кескінінің қалыптасуымен, халықаралық кітап жәрмеңкелерін өткізумен, Шығыс Кореяның баспагерлік тәжербиесімен және т.б тақырыптармен байланыты.

Конференцияға өз жолдарын енді бастап, ғылым соқпағын енді меңгеріп келе жатқан бірінші курс студенттері де қатысты!

Ары қарай оқу >>

Сирек кітаптар мұражайына саяхат

17.03.2023

Баспа-редакторлық өнер кафедрасының бірінші курс студенттерінің, кітап мәдениеті мен тарихымен танысуы Сирек кездесетін кітаптар мұражайынан басталды. Танымал «Ғылым ордасында» орналасқан мұражайда, кітаптардың көне нұсқалары бар.

2010 жылы Сирек кітаптар мұражайының ашылуы Қазақстанның мәдени және рухани өміріндегі ерекше өзгеріс болды. Галерея экспозициясының бас міндеті – қолжазбадан, соңғы нұсқадағы полиграфия өнеріне дейін жеткен кітаптің, баспаның ерекше жолын көрсету.Начало формы

Сонымен қатар, отандық кітаптің тарихы мен мәдениетін танымал ету ретінде, мұражай бүкіл қаланың кітапқұмарларының назарын аударады. 

Бүгінгі күнде, мұражай фондында 500-ден астам сирек кітаптар мен қолжазбалар бар. Ол кітаптар ХVІІІ-ХІХ ғасырларынан бастап ХХ ғасырдың 40-шы жылдарына дейінгі уақытты қамтиды. Мұражайда сақталатын көне отандық және шетелдік қолжазбалар, қолмен жазылған, ертеде басылған араб, латын тілдеріндегі кітаптар, үлкен тарихи, мәдени маңызға ие.

Көрменің өте қызықтыратын жағы, ол жердегі кітаптар, біз кітаптар сөресінен көретін кітаптардан қатты ерекшеленеді. Қолжазбалардың біздің күнге дейінсақталуы таң қаларлық жайт. Мәңгілікпен байланыс сезіледі!

Ары қарай оқу >>

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

17.03.2023

«Баспа ісі» мамандығы (білім беру бағдарламасы) бойынша студенттердің

 VI Республикалық пәндік олимпиадасы туралы

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 20-21 сәуір 2023 жыл



АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, Баспгерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы 2023 жылдың 20-21 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік және мемлекеттік емес ЖОО студенттері үшін «Баспа ісі» мамандығы (білім беру бағдарламасы) бойынша VІ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты – білім алушыларды баспа ісі саласына тарту және «Баспа ісі» бағыты бойынша білім алушылардың кәсіби және шығармашылық құзыреттіліктерін дамыту.

Олимпиаданың міндеттері:

  • отандық кітап оқу мәдениетін, баспа ісі мен кітап бизнесін дамытуға ықпалдасу;

  • болашақ баспагер-редакторлардың шығармашылық және кәсіби  дағдысын дамыту; 

  • «Баспа ісі» бағытындағы мамандарды даярлауды жүзеге асыратын жоғары орындары арасында тәжірибе алмасу, ынтымақтастық орнату;

  • ЖОО мен баспагер-редакторлар арасында тиімді серіктестік байланыс жасау;

  • баспагер-редакторлық қызметтің медианарықтағы маңыздылығын арттыру және насихаттау;

  • олимпиадаға қатысушылардың шығармашылық шеберлігін арттыру.

Олимпиада Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінің білім алушылары арасында төрт кезең бойынша өткізіледі.

Олимпиада 4 кезеңнен тұрады:

1. Инфографика жасау;

2. Тест сұрақтарына жауап беру; 

3. Редакторлық түзету;

4. Бейнеролик.

Қосымша ақпарат:

Ақпараттық хат және Олимпиада ережесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сайтында орналастырылған kaznu.kz.

Олимпиаданың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне жауапты: Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы. 


Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:

Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71-үй 

ҚазҰУ, Журналистика факультеті, 211 кабинет.

Рамазан Айгүл Әмірғалиқызы, моб.тел.: +7 776 118 08 47; Данаева Нұрлыайым Тұрсынбайқызы  +7 708 971 8670,  e-mail: ndanaeva777@gmail.

 



Ары қарай оқу >>

Мерейтой. 60 жас

03.03.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, «Баспагерлік-редакторлық өнер» кафедрасының ұжымы ой асылының шыңы, ақыл, парасат өлшемі – білімді ғылыммен ұштастырып, ұстаздықпен алған алты белесі – 60 жасқа толу мерейтойымен Ибрагимов Ниетжан Абикуловичті шын жүректен құттықтайды! Ұстаздық дəуіріндегі ұлы күшіңіз тоқтамасын! Мерейтойыңыз құтты болсын, жанұяларыңыздың ұйытқысы - өнегенің өрнегін салып, жан жылуын төгіп жүрген жарыңыздың, ұлағат, парасат пен шапағат төгілген дана тұлға тəрбиелеген балаларыңыздың амандығын тілейміз, ғұмырыңыз ұзақ болсын! Осындай мерейлі күні Сізді шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, бақыт, табыс тілейміз!

Ары қарай оқу >>

Жаңа кітап. Жаңа эмоция!

21.02.2023

«Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының қоржынына жаңа кітап қосылды! Ұжымдастар профессор, дизайнер Жанарбек Берістеновтің Тұран романтизмі“ атты альбом-кітабының авторымен қауышып, әлемнің танымал дизайнер-суретшілерінің еңбектерімен танысты.

Ары қарай оқу >>

Мықты әйел

16.02.2023

16 ақпан күні елімізге танымал ақын-жазушы Фатима Забурақызы университетімізде өз кітабын таныстырды. Әр түрлі аймақтан қонақтар келіп, апайымызды құттықтады. Тұсаукесерде ән де, би де болды. Осы кеш студенттерге керемет көңіл-күй сыйлады. Тіпті, Забира ханымның қолы қойылған кітаптарды да сыйға алды.

Ары қарай оқу >>