Куратор сағаты

13.03.2023

Көрулер: 690

Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының аға оқытушысы Данаева Нұрлыайым Тұрсынбайқызы және "Медиадизайн" мамандығының 1 курс магистранты Сарсенбаева Әсемай "Дизайн" мамандығының 3 курс қазақ тобына "Ұлттық құндылық-ұлт тәрбиесі" тақырыбында ашық куратор сағатын өтті. Кафедра меңгерушісі Рамазан Айгүл Әмірғалиқызының қатысуымен өткен ашық дәрісте студенттерге қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен әшекейлері, салт-дәстүр, ұлттық құндылықтары жайында толық ақпараттар QR-код арқылы экранда көрсетіліп, қызықты сұрақ-жауаптар мен мағлұматтар ұлттық патриоттық санаға серпіліс берді. "Ұлттық құндылық - ұлт тәрбиесі" апталығының кестесімен танысқан 3 курс студенттері қазақтың ұлттық киімін киіп, апта бойы дәріптеуге уағдаласты.