ЖУРНАЛИСТЕР ЖАРЫСЫ

25.04.2021

Көрулер: 1783

  • Калининградта ТМД-ның бірнеше елдерінің журналист студенттерін жинақтаған тағы бір халықаралық «Журналистика факультетінің шайқасы» аяқталды.
  • 2020-2021 жылдары «Жаңа медиа мұғалімдер достастығы» ҰБО Ресей Федерациясы Президентінің Гранттар қорының қолдауымен, Балтық Федералды университеті, Воронеж мемлекеттік университеті, Пермь ұлттық зерттеу университетімен бірлесіп,  ЕАЭО елдерінің «Журналистика шайқасы-2020» ұранымен «Ұлы және күштілердің медиа бауырластығы» журналистика факультеттерінің ІІІ инновациялық байқауын өткізді.
  • 2020-2021 жылдары байқауға Ресей, Қазақстан, Беларуссиядан 30-дан астам жоғары оқу орындары қатысты. Байқаудың сырттай кезеңінің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тобы ЕАЭО-тың ең үздік бес университетіне кіріп, 19 -23 сәуір аралығында Калининградта Балтық федералды университетінде өткен байқаудың мәресіне қатысу құқығын жеңіп алды. Бір қызығы, біздің сапарымыз университеттің 75 жылдығымен сәйкес келді.
  • Күрделі әрі қызықты тапсырмалар, басқа қалаға іссапар, білікті спикерлерді іздеу, бейнежазбалар түсіру және монтаждау, 24 онлайн режимінде мәтіндер жазу - осының бәрін ҚазҰУ Журналистика факультетінің студенттері үлкен жауапкершілікпен атқарды! Журналистердің осындай танымдық байқауларда ерекше қасиеттері мен қабілеттері ашылады. ҚазҰУ Журналистика факультеті тобының капитаны Мария Матрунина, Асель Аукешева, Диляра Яхьярова және Анастасия Кшнякина  –  барлық шеберліктерін ереше ынтамен көрсетті. Біздің студенттер талантты, талапты, ақылды! Олар нағыз журналистер!

 

                                                                           Лариса Нода