Ғасыр ақыны

25.02.2021

Көрулер: 1653

       Ұйымдастырылған шараға қатысқан аудиторияда қазақ және ағылшын тілінде білім алатын студенттер болды, олар ақын шығармаларын оқығанда қысқа ғұмырында ары таза, жаны мөлдір, рухы биік жырлар мен дастандардың қазақ әдебиетіне өзіндік бір үндестікпен келгенін ашып көрсетуге талпыныс көрсетті. Бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту өскелең ұрпақтың басты парызы екені ерекше аталды.