2020-2021 оқу жылында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дәстүрлі «Куратор-эдвайзерлер мектебі» 1 курс куратор-эдвайзерлеріне арналды.

23.01.2021

Көрулер: 1546

 Осы аталған семинарлардың негізінде 2021 жылдың 23-ші қаңтарында факультеттің аға куратор-ұйымдастырушысы Керимкулова Молдир Жадраевна семинарды факультетте ұйымдастырды. Семинарға 1 курс эдвайзерлері, кафедраның аға кураторлары және деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кудреева Лейла Кадирсизқызы қатысты. Эдвайзерлер тарапынан 1 курс үшін жартылай оффлайн форматқа көшкен факультет ретінде студенттердің сабаққа қатысуының ұйымдастырылуы, студенттер үйіне қатысты сұрақтар, эпидемия жағдайында студенттердің санитарлық нормаларды сақталуына қойылатын талаптар және т.б. сұрақтар қойылды. 

Факультеттің аға куратор-ұйымдастырушысы Керимкулова Молдир Жадраевна

#ХжХТФ