Жаналықтар

"Жетістіктің бастауы - ҚазҰУ!"

14.11.2022

2022 жылдың 14 қарашасында сағат 15-00 де "Жетістіктің бастауы – КазҰУ-і!" ("The First Steps to Success start at KazNU") атты физика-техникалық факультетінің №1 дәрісханасында «Физика», «Физика және астрономия», «Техникалық физика», «Физика және нанотехнология», «Электр энергетикасы», «Өндірістік электроника және басқару жүйелері» және «Жылу энергетикасы» мамандықтарының қазақ және орыс бөлімдерінің 1 және 2 курс студенттерінің қатысуымен іс-шара өтті.  

Ары қарай оқу >>

11 қараша 2022 жылы Астана қаласында IV Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтті

11.11.2022

11 қараша 2022 жылы Астана қаласында IV Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтті. Форумға AL-FARABI UNIVERSITY, физика-техникалық факультетінің аға оқытушысы, PhD Құттыбай Нұржігіт қатысты. 

Ары қарай оқу >>

«Жаңа кезеңге-Жаңа реформалармен»

09.11.2022

"Жаңа кезеңге - Жаңа Қазақстан"

Физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамы Тургара Тусеев, Эльмира Мукановна, Толғанай Дәрібайқызы және "Стандарттау және сертификаттау", 1 курс "Жылу энергетикасы" мамандықтарының студенттерімен «Жаңа кезеңге - Жаңа реформалармен» дөңгелек үстел тәрбиелік іс-шарасын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Жасанды интеллект және күрделі есептеулер тақырыбында НУ бірге семинар өтті

29.05.2022

ISSAI қатысушыларды институттың қызметімен, оның ішінде зерттеу бағытымен таныстырды.ISSAI сонымен қатар NLP және Object классификациялары бойынша үлгілерді көрсетті.Тараптар алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады:1. Зерттеушілер алмасуы.2. Объектіні анықтау, NLP, тұлғаны тану, компьютерлік көру салаларындағы ынтымақтастық.3. Ғылыми шараларды бірлесіп ұйымдастыру.

Ары қарай оқу >>

Республикалық ғылыми жобалар байқауы

20.04.2022

Профессор С.И.Исатаевтың мерейтойына арналған мектеп оқушыларының физика және техникалық бағытта республикалық ғылыми жобалар байқауы 

Физика-техникалық факультет 

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы 

Ары қарай оқу >>

ф.-м.ғ.к., аға оқытушы, БҒҚ Диханбаев Қ.К. 70-жылдығы

19.04.2022

Диханбаев Қ.Қ., 1952 жылы туған, Кеңес Армиясы қатарында борышын өтегеннен кейін Қазақ мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген. Диханбаев Қ.К. 1981 жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жұмыс істейді..
Диханбаев Қ.К. түрлі халықаралық және жергілікті басылымдарда жарияланған 120-дан астам ғылыми мақалалардың авторы және бірлескен авторы.
Диханбаев Қ.Қ. Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюшылардыі бірі болып табылады. Кеңес Одағының және Қазақстан Республикасының үкіметтік наградалары, Қазақстан Республикасы Президентінің медальдары бар.

Ары қарай оқу >>

Жылуфизикасы және техникалық физика кафедрасының оқытушылары Швейцариялық бизнес-мектебінен біліктіліктерін арттыру курсынан өтті

10.04.2022

Оқу үдерісінің негізгі мақсаты профессор-оқытушылар құрамын, жас ғалымдар мен басшылардың оқу бағдарламаларын қайта құру, коммерцияландыру және стартаптар арқылы басқару процестерін жетілдіруді ынталандыру, әлеуетті арттыру және интернационаландыру бойынша инновациялық зерттеу университеті бағытында қажетті дағдыларға үйрету болатын. Осы оқу курсынан жеке оқытушылық мансапты дамыту, заманауи тәжірибе жинау әдістерін меңгеру мен мұғалімнің қабілеттерін арттыру бойынша жаңа тың білім алдық. Сондай-ақ барлық салаларда жеке өмірді басқару және туындайтын проблемалар шешу жолдары мен табысқа жетудің жолдарын шетелдік оқытушылармен бірге талқыланып қарастырылды.

Ары қарай оқу >>

«Экономиканы цифрландыру – жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында кездесу

03.04.2022

2022 жылдың 6 сәуірінде сағат 17.00 (lek1) Стратегиялық бастамалар орталығының директоры, CSI Energy Solutions компаниясының басшысы Байдулла Жәнібекпен «Экономиканы цифрландыру – жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында кездесу өтеді.

Барлығыңызды шақырамыз.

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы

Ары қарай оқу >>

Республикалық деңгейдегі кәсіби бағыт-бағдар

28.03.2022

28.03.2022 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, физика-техникалық факультетінде Республикалық деңгейде ұйымдастырылған кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысы жүргізілді. Жиынға Нұр-Сұлтан,  Тараз, Өскемен қалаларынан келген 11- сынып білім алушылары қатысты. Оқушылардың сұрақтарына физика, тарих, экономика, филология, биология, география, математика пәндерін жетік меңгерген мамандар жауап берді.

 

 

Ары қарай оқу >>