"Жетістіктің бастауы - ҚазҰУ!"

14.11.2022

Көрулер: 701

 

"Жетістіктің бастауы - ҚазҰУ!"

2022 жылдың 14 қарашасында сағат 15-00 де "Жетістіктің бастауы – КазҰУ-і!" ("The First Steps to Success start at KazNU") атты физика-техникалық факультетінің №1 дәрісханасында «Физика», «Физика және астрономия», «Техникалық физика», «Физика және нанотехнология», «Электр энергетикасы», «Өндірістік электроника және басқару жүйелері» және «Жылу энергетикасы» мамандықтарының қазақ және орыс бөлімдерінің 1 және 2 курс студенттерінің қатысуымен іс-шара өтті.  

Атаулы іс-шараны университетіміздің филология факультетінің шет тілдері кафедрасының аға оқытушылары, үйірме жетекшілері Гумарова Ш.Б., Исабаева Б.К., Әбдіжаппар А.А., Мырзахмет М.Ж., Саяқова Б.М. және физика - техникалық факультетінің аға куратор - эдвайзері Зульбухарова Эльмира Мукановна ұйымдастырды.

 

 

Университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік білім беруге бағытталған. Соған орай өткен іс шарамыз студенттерді бірінші курстан бастап баулып оларға білім және тәрбие беру мақсатында болды.

Жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы бірінші жоғары оқу орны болып танылды. Бұдан біз университетіміздің өзінің көшбасшылық ұстанымын тағы да дәлелдегеніне көз жеткіздік. Расында, әр салада, әр мамандықта жоғары білікті мамандар бар. Бүгінде қазақтың физика ғылымын әлемге танытқан ғалымдар өкінішке орай қазіргі кезде ортамызда жоқ Сәрсембинов Шәмші Шәріпұлы, Әбділдин Мейірхан Мүбаракұлы, Исатаев Совет Исатаұлы және Фазылхан Бәйімбетов Бәйімбетовтер. Олардың есімдері елімізде ғана емес, әлемге әйгілі физик-ғалымдардың қатарында. Студенттеріміз физика-техникалық факультетінде үлкен жетістіктерге жеткен табысты адамдар туралы білді. Біз ғалымдарымызды мақтан тұтамыз олар өз еңбектерімен, табандылығымен білім мен ғылымға жол ашты. Олар студенттеріміз үшін сәттілікке, жетістікке жетудің өмірлік үлгісі болмақ. Іс-шара барысында студенттер ән айтып, би билеп, домбыра тартып өз өнерлерін көрсетті. Викториналық сұрақтар қойылылып әр түрлі ойындар өткізді. Соңында жеңімпаздар марапатталды

Кез-келген іс-шара, тіпті ең қызықты және көңілді болсын бір кездері аяқталады, бірақ бұл тек бастамасы. Өнер көрсеткен барлық қатысушыларды сахнаға шақырып, қойылым үшін тағы да алғыс айттық. Керемет іс-шара үшін және жаңа кездесулерге дейін көп рахмет!!!

 

 

Физика - техникалық факультетінің аға куратор - эдвайзері Зульбухарова Эльмира Мукановна

Үйірме жетекшілері Гумарова Ш.Б., Исабаева Б.К., Әбдіжаппар А.А., Мырзахмет М.Ж., Саяқова Б.М