Халықаралық ғылыми практикалық-конференция

11.11.2022

Көрулер: 730

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының профессор-оқытушы құрамы және "Стандарттау және сертификаттау" мамандығының магистранттары мен студенттері 11 қарашада Сәтпаев университетінде ұйымдастырылған "Қазіргі жағдайдағы сапаның даму тенденциялары" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына және "Техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласында профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру" тақырыбындағы семинарға қатысып, өз біліктіліктерін арттырды.