Жаналықтар

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Екібастұз қаласында орналасқан Облыстық көпсалалы, көптілді лицей-интернатының 17 білім алушыларымен кездесу өтті

25.03.2022

25.03.2022 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Екібастұз қаласында орналасқан Облыстық көпсалалы, көптілді лицей-интернатының 17 білім алушыларымен кездесу өтті. Аталмыш жиында университеттің бағыт-бағдар беруші мамандары оқушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Талапкерлерге сәттілік тілейміз!

Ары қарай оқу >>

"Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы өзімізден басталады"

24.03.2022

Наурыздың 24-ші жұлдызында кафедраныңы кезекті онлайн форматындағы жиналысында «Жылуфизика және техникалық физика» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Байжұманов Қ.Д. Президент жолдауының аясында "Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы өзімізден басталады" тақырыпта баяндама жүргізді.  

Кафедра меңгерушісі Бөлегенова С.А. жән профессорлық-оқытушы құрамы баяндама аясында өз ой-пікірлерімен бөлісіп Президент жолдауы талқыланды.

Ары қарай оқу >>

"21 ғасыр энергетикасы мен өнеркәсібіндегі цифрлық технологиялар"

20.03.2022

10-19 наурыз аралығында ҰЗУ Мәскеу энергетикалық институты ұйымдастырған "21 ғасырдағы энергетика және өнеркәсіптегі цифрлық технологиялар" мамандандыру бойынша халықаралық жазғы онлайн-мектеп өтті.  Онлайн-мектептің 9 күні өте қызықты және танымды өтті. Мектеп оқытушыларының дәрістері айтарлықтай Ақпараттық болды, соның арқасында біз цифрландыру, электр энергетикасы саласында құнды білім алдық, сондай-ақ БҚ әзірлеудің өзекті технологияларын зерделедік. Әсіресе, онлайн-мектеп аясында: ақпаратты өңдеудің цифрлық технологиялары және экономика мен энергетиканы қолдауға арналған WEB-технологиялар тақырыптарында өткен керемет мастер-класстарды атап өткім келеді.

Ары қарай оқу >>

Физика-техникалық факультетінің РЭТ мамандығы бойынша студенттері әзірлеген жұмыстары үшін алтын медальдармен марапатталды

17.03.2022

«Қатты дене физикасы және бейсызық физика» кафедрасының «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 4 курс студенттері Арын Ғалымжан және Амангелдинов Мерей жоғарарғы және кәсіби оқу орындарына арналған отандық жабдықты әзірлегені үшін Халықаралық ақпараттандыру академиясының алтын медалімен марапатталды. Олар бұған дейін Халықаралық көрмеде 1-орынды иеленіп, кафедра қызметкерлерімен бірге өнертабысқа патент алған болатын. Жетекшілік жасап, бағдар берген инженер Актаев Эркин және оқытушылар Алимгазинова Н.Ш. мен Толегенова А.А.

Ары қарай оқу >>

«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

27.01.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультеті 2022 жылдың 4-7 сәуір аралығында «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясын онлайн түрде өткізеді

Ары қарай оқу >>

Huawei ICT Solutions Kazakhstan 2020 байқауының жеңімпаздарын жариялады

27.11.2021

Huawei Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп. студенттер мен оқушылар арасында «ICT Solutions Kazakhstan 2020» АКТ байқауын өткізді. ICT Solutions Kazakhstan 2020 байқауы Қазақстанда алғаш рет еліміздің жетекші университетімен серіктестікте басталды. Жоба АКТ экожүйесі арқылы жас таланттарды қолдауға және жалпы қоғамның нақты мәселелерін шешу құралы ретінде осы салаға қызығушылықты арттыруға бағытталған. Қатысушылардың міндеті заманауи технологияларды қолдану арқылы қоғамның өзекті және әлеуметтік маңызды мәселелерінің шығармашылық шешімдерін табу болды.

Ары қарай оқу >>

Республикалық танымдық-патриоттық іс-шара «Тәуелсіздік тұғыры білім мен ғылымда» Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған вебинар

26.11.2021

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

29 қараша 2021 ж. сағат 15.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультеті мен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің қатысуымен Республикалық танымдық-патриоттық іс-шара өткізіледі. 

Ары қарай оқу >>

Ж.Ө. Өмірбековтың туғанына 80 жылдық мерей тойына және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жылсайынғы физика пәні бойынша Республикалық олимпиада

26.11.2021

2021 жылдың 26-қараша күні сағат 10.00 жылуфизика және техникалық физика кафедрасының доценті, ұлағатты ұстаз Ж.Ө. Өмірбековтың туғанына 80 жылдық мерей тойына және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жылсайынғы физика пәні бойынша Республикалық олимпиада оффлайн форматта өткізілді.

Ары қарай оқу >>