Факультет туралы

     Құрметті талапкер!
     Мен сіздердің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен физика-техникалық факультетіне деген қызығушылығыңызды зор ықыласпен қабылдаймын. Сіз бізбен бірге ұмытылмас қызықты бастайтыныңызға өте қуаныштымыз.
     Студенттерді оқытуға ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы институттарынан ғалымдар мен жетекші мамандар, сондай-ақ жұмыс берушілер қатысады. Факультет құрылғаннан бері ғылыми-зерттеу мекемелерінде, әртүрлі өндірістерде, республикамыздың жоғары және орта білім беру жүйесінде, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің университеттері мен ғылыми орталықтарында жұмыс істейтін мамандарды дайындады: АҚШ, Германия, Ресей университеттерінде және т. б. Физика-техникалық факультетінің түлектері арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар қазіргі түлектердің жұмыс берушілері болып табылатын бизнес өкілдері бар және білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, студенттердің үздіксіз практикалық дайындығына белсенді қатысады, тәжірибе базаларын ұсынады. Жыл сайын біздің факультет түлектерінің 100% жұмысқа орналасқаны байқалады. Біздің түлектер жыл сайын еңбек нарығында сұранысқа ие болып келеді және мемлекеттік және жергілікті басқарудың, ғылымның, білімнің, бизнестің әртүрлі салаларында жұмыс істейді.
     Факультет оқытушылары әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен және университеттерімен белсенді халықаралық ынтымақтастықтың арқасында студенттердің академиялық ұтқырлығы үшін нақты мүмкіндіктер жасайды. Студенттер 1-2 семестр бойы шетелдік жоғары оқу орындарында білім ала алады және оқу бағдарламасын табысты орындау нәтижесінде қос диплом алады: ҚазҰУ және шетелдік ЖОО. Факультеттің барлық оқытушылары мен студенттері шет тілдерін үнемі жетілдіріп отырады,барлық мамандықтар бойынша ағылшын тілінде оқыту топтары құрылған. 
     Біздің барлық студенттер ғылыми зерттеулермен айналысады, ал олардың көбі стипендияға қосымша жалақы алады және конференцияға ғылыми баяндамалармен шетелге шығуға немесе халықаралық олимпиадаларға қатысуға мүмкіндігі бар. 
    Біз әрқашан біздің факультетте жаңа білім мен толыққанды диалогқа ашық, үздік білім алуға бағытталған мақсатты, белсенді және өршіл жастарды көруге қуаныштымыз. Біз сізбен кездесуді асыға күтеміз және физика-техникалық факультетке түсу кезінде табыс тілейміз.


Физика-техникалық факультетінің деканы ф.-м. ғ. д., профессор А. Е. Давлетов