Жаңалықтар

Ботай мәдениетін және оның ескерткіштерін зерттеу мәселелері

10.04.2018

V Халықаралық Фараби оқулары аясында Ботай мәдениетін зерттеуші, т.ғ.д., археология профессоры Зайберт В.Ф.-пен дөңгелек үстел өткізу жоспарланды. Осыған байланысты, 10 сәуір күні әл-Фараби ҚазҰУ «Археология және дала өркениеттері» ғылыми-зерттеу институтында Ботай мәдениетін және оның ескерткіштерін зерттеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Өз сөзінде ол зерттеудегі негізгі мәселелерді, сондай-ақ ботай мәдениетінің ескерткіштерін музеефикациялаудың аспектілерін атап өтті.

Ары қарай оқу >>

Компьютерлік археографияның мәселелерін шешу

10.04.2018

10 мамыр 2018 ж. V Фараби оқулары тарих факультеті магистранттарының Алдибек А. Дүйсенқұл А., Сұлтанхан Ж., Болатбекова Ж. Сагинбаева А. атты "Казнеттегі электрондық құжаттық жарияланымдардың археографиялық проблемалары" (ғыл. жет. т. ғ. д., профессор Жакишева С. А.).

Ары қарай оқу >>

«Мен таңдаған мамандық» атаулы дөңгелек үстел

09.04.2018

Студенттік ғылыми апта аясында Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының куратор – эдвайзерлері, т.ғ.к, доцент м.а. Нұрпейісова Б.Е., аға оқытушы Сүйінова А.Т, аға оқытушы Дюсембекова Ж.Қ. студенттердің көктемгі ғылыми апталығы аясында Дөңгелек үстел ұйымдастырды

Ары қарай оқу >>

«Фараби әлемі» атты халықаралық жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференциясы

09.04.2018

Тарих, археология және этнология факультетінде «Фараби әлемі» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияға университетіміздің және басқа жоғарғы оқу орындарының студенттерімен қатар, болашақ абитуриенттеріміз-колледж студенттері де қатысты.

Ары қарай оқу >>

Педагогикалық тариx мамандығы бойынша республикалық олимпиада

06.04.2018

Дәстүрлі түрде өткізілетін Республикалық студенттер арасындағы пәндік олимпиада Педагогикалық тариx мамандығы бойынша Қарағанды қаласында белсенді түрде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Тоқсанбаев Алмастың жетекшілігімен факультет намысын қорғаған біздің студенттер жүлделі 3-орынды иеленді. Қатысушы студенттер: Көшербаева Жадыра, Абдығалымов Амир, Бекетай Наурызбай Серғалиұлы, Байбукашева Айдана.

Ары қарай оқу >>

Ресей архивистерімен кездесу

05.04.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультетінде Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен Ресей Федерациясы архив ісінің мамандарымен кездесу өтті

Ары қарай оқу >>

Жапон ғалымдарының іс-сапары

02.04.2018

30.03.-06.04.2018 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жаныннан құрылған «ГЕОАРХЕОЛОГИЯ» халықаралық ғылыми-зерттеу зертханасының директоры т.ғ.к., доцент Ғ.Т. Бексеитовтың арнайы шақыруымен, өздерінің қаражатына Жапон елінің ғалымдары: Нара мәдениет құндылықтары ғылыми зерттеу институтының жетекші ғалымы, Phd докторы  Садакатцу Кунитаке және Токио университетінің, археология бөлімі директорының орынбасары, профессор Сато Хироюки екеуі  университетіміздің бетке ұстар ғалым, археолог, тас ғасырының білікті мамандарымен тәжірибие алмасу барысында ғылыми іс-сапармен келіп қайтты.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан тарихы және дүние жүзі тарихы пәндері бойынша республикалық олимпиада

31.03.2018

Наурыздың 30-31 аралығында тарих, археология және этнология факультеті 10-11 сынып аралығында республикалық олимпиаданың финалдық кезеңін өткізді. Олимпиаданың финалдық кезеңіне қатысу үшін республиканың әр түпкірінен 36 қатысушы шақырылды. Олимпиадаға қатысушылар № 10 жатақханаға орналастырылды.

Ары қарай оқу >>

«Кітапхана ісі» мамандығы бойынша Х Республикалық пәндік студенттік олимпиада

30.03.2018

2018 жылдың наурыз айының 29-30ы күндері Х Республикалық студенттік пәндік олимпиада «Кітапхана ісі» мамандығы  бойынша М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткізілді

Ары қарай оқу >>