Қазақстан тарихы және дүние жүзі тарихы пәндері бойынша республикалық олимпиада

31.03.2018

Көрулер: 3942

Наурыздың 30-31 аралығында тарих, археология және этнология факультеті 10-11 сынып аралығында республикалық олимпиаданың финалдық кезеңін өткізді. Олимпиаданың финалдық кезеңіне қатысу үшін республиканың әр түпкірінен 36 қатысушы шақырылды. Олимпиадаға қатысушылар № 10 жатақханаға орналастырылды.

30-31 наурыз аралығында мектеп оқушылары үшін ғылыми-білім берушілікпен қатар көңіл көтеруге арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Олимпиаданың ашылу салтанатында оқушылар үшін факультеттің профессорлары екі көшбасшылық лекциялар оқыды (Төлеубаев Ә.Т., Кәрібаев Б.Б.). Олимпиада ашылуы аяқталған соң оқушылар үшін әл-Фараби ат. ҚазҰУ кампусы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Осы күні факультет студенттері болашақ абитуриенттер үшін концерттік бағдарлама жасады.

31 наурыз күні факультеттің профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен олимпиаданың жабылуы мен марапаттау салтанаты өтті. Олимпиаданың ұйымдастырушы комитетінің ұйымдастыруымен оқушыларға Алматы қаласы бойынша экскурсия жүргізілді, соның ішінде: тұңғыш президент саябағы, ҚР орталық мұражайы, Медеу. Олимпиаданың ұйымдастырылуы қатысушыларға ұнады.

Тарих, археология және этнология факультеті