«Кітапхана ісі» мамандығы бойынша Х Республикалық пәндік студенттік олимпиада

30.03.2018

Көрулер: 3151

2018 жылдың наурыз айының 29-30ы күндері Х Республикалық студенттік пәндік олимпиада «Кітапхана ісі» мамандығы  бойынша М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткізілді.

Олимпиадаға: Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Кокшетау мемлекеттік университеті, Қыздар мемлекеттік педагогикалық университеті,  М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің кітапхана ісі мамандығының студенттері қатысты. Студенттік олимпиада үш тур бойынша өткізілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының кітапхана ісі мамандығының «Itlib» командасы  II орынды иеленді. Пәндік олимпиада жетекшісі, дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Б.С. Асанова.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы