Ботай мәдениетін және оның ескерткіштерін зерттеу мәселелері

10.04.2018

Көрулер: 3466

V Халықаралық Фараби оқулары аясында Ботай мәдениетін зерттеуші, т.ғ.д., археология профессоры Зайберт В.Ф.-пен дөңгелек үстел өткізу жоспарланды. Осыған байланысты, 10 сәуір күні әл-Фараби ҚазҰУ «Археология және дала өркениеттері» ғылыми-зерттеу институтында Ботай мәдениетін және оның ескерткіштерін зерттеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Өз сөзінде ол зерттеудегі негізгі мәселелерді, сондай-ақ ботай мәдениетінің ескерткіштерін музеефикациялаудың аспектілерін атап өтті.

Дөңгелек үстелге ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, ҚР БҒМ жалпы генетика және цитология ғылыми-зерттеу институтының директоры Л.Б. Джансугурова, тұрақты даму халықаралық фондының вице президенті Алибекова М., қоғам қайраткері және «KazBrands» қоғамдық қорының директоры Кайкенова Ж. дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Археология және дала өркениеттері» және ҚР БҒМ жалпы генетика және цитология институттары арасында ғылыми-зерттеу бағыты бойынша меморандумға қол қойылды.

археология, этнология және музеология кафедрасы