Жаңалықтар

“Smart student” интеллектуалды ойыны

28.04.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ЭжБЖМ, “Экономика” кафедрасы ұйымдастырған жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен республикалық “Smart student” интеллектуалды ойыны өз мәресіне жетті. 

Ары қарай оқу >>

ЭБЖМ "Қаржы" мамандығы студенттерінің командасы қаржы бойынша жоғары оқу орындары арасындағы пәндік олимпиадада бірінші орын алды

25.04.2021

2021 жылы 24 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолдауымен және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен ЖОО арасындағы қаржы бойынша пәндік олимпиада онлайн режимінде Microsoft Teams платформасында өтті. 1-ші жүлделі орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизес жоғары мектебі «Қаржы» мамандығының студенттерінің командасы иеленді. Жетекшісі «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Супугалиева Гульназым Ислямовна.

Ары қарай оқу >>

Позитивті психология, ағым және көшбасшылықтың табысы неде? Құпиясын біл!» тақырыбындағы венгриялық PhD, профессор Золтан Бузадидің мастер-классы

23.04.2021

2021 жылдың 20 сәуір күні венгер ғылымы, PhD, Будапешт (Венгрия) қаласының Корвинус Университетінің профессоры Золтан Бузади әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Маркетинг» және «Логистика» мамандықтарының студенттеріне және магистранттарына «Позитивті психология, ағым және көшбасшылықтың табысы неде? Құпиясын біл!» тақырыпта мастер-класс өткізді. Золтан Бузади экономика және басқару саласында көптеген ғылыми мақалалардың және монографиялардың авторы және «Басқару және көшбасшылық теориясы (Ағым)» авторларының бірі, «Ағым және көшбасшылық саласында зерттеулердің жаһанды бағдарламасының» директоры.

Ары қарай оқу >>

Бизнес-ортаның өкілі – "Smart Production" компаниясының жобалар менеджері Мария Третьяковамен кездесу-қонақ дәрісі өткізілді

22.04.2021

22 Сәуір 2021 жылы әл-Фараби ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінде "Бизнес-технологиялар" кафедрасының базасында онлайн-форматта бизнес-ортаның өкілі - "Smart Production" компаниясының жобалар менеджері Мария Третьяковамен кездесу-қонақ дәрісі өтті. Мұндай іс-шараның мақсаты - оқытылатын пәндер шеңберінде студенттердің практикалық білімдерін кеңейту. Дәріс "Сыртқы жарнама және instore-безендіру өндірісінің технологияларына шолу" өзекті тақырыбына арналды. Қонақ дәрісі халықаралық деңгейде өтті: оған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Маркетинг мамандығының студенттері (Алматы қ., Қазақстан), сондай-ақ Алтай мемлекеттік университетінің студенттері (Барнаул қ., Ресей) қатысты.

Ары қарай оқу >>

«ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы» Directory of Open Access Journals (DOAJ) мәліметтер базасына енгізілді

20.04.2021

«ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы» Directory of Open Access Journals (DOAJ) мәліметтер базасына енгізілді. DOAJ - бұл ғылымның барлық салаларында ғылыми және академиялық журналдарға электрондық форматта ақысыз толық мәтінді қол жеткізуді ұсынатын мәліметтер базасы. DOAJ ресми статистикасына сәйкес, ай сайын әлемнің түкпір-түкпірінен 900000-нан астам мақалаларды қарау және 300000 бірегей келушілер тіркеледі.

Ары қарай оқу >>

«Цифрлық Қазақстан: болашаққа көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел

20.04.2021

ЭжБЖМ “Экономика” кафедрасы 23 сәуір 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Цифрлық Қазақстан: болашаққа көзқарас» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік іс-шара өткізеді. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтеді.

Ары қарай оқу >>

ЭБЖМ «Бизнес технологиялар» кафедрасы «Маркетинг» мамандығы бойынша ХІІІ республикалық студенттер пәні Олимпиадасының нәтижелерін жариялады

16.04.2021

2021 жылы 16 сәуірде Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес технологиялар» кафедрасы Zoom қосымшасы арқылы онлайн түрде «5В051100 - Маркетинг», «6В04107 - Маркетинг» мамандығы бойынша XIII Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасын ұйымдастырды. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – университет ішінде, ректордың бұйрығымен бекітілген университеттің конкурстық комиссиясы конкурстық негізде университеттің үздік студенттерін іріктеп,  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жіберді. Бірінші турдың қорытындысы бойынша 8 топ іріктелді. Екінші кезең - финалды кезең, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында онлайн форматында 3 турдан тұрды: видео сәлемдесу, жобаның презентациясы және «Цифрлық маркетингке негізделген өнімдердің эко-брендін қалыптастыру» тақырыбындағы жарнама бейнефильм мен кейс-стадидің талдау презентациясы.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Үздік жас ғалымы" байқауында "Бизнес-технологиялар" кафедрасының аға оқытушысы Қожахметова Ә.К. жеңіске жетті

15.04.2021

2021 жылдың 6 -8 сәуір аралығында өткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Үздік жас ғалымы" байқауында "Бизнес-технологиялар" кафедрасының аға оқытушысы Қожахметова Әсел Көшербайқызы жеңіске жетіп, ақшалай ұтысқа ие болды. Факультет ұжымы жас ғалымды құттықтап, шығармашылық табыстар тілейді!

Ары қарай оқу >>

«5В051100 - Маркетинг», «6В04107 - Маркетинг» мамандықтары бойынша XIIІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада

14.04.2021

16.04.2021 жылы әл-Фараби ат. ҚазҰУ ЭБЖМ-нің «Бизнес-технологиялар» кафедрасы ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «ЦИФРЛЫҚ МАРКЕТИНГ: ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» тақырыбында «5В051100 - Маркетинг», «6В04107 - Маркетинг» мамандықтары бойынша XIIІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтетінін хабарлайды. әл-Фараби ат. ҚазҰУ базасында өтетін XIIІ Республикалық студенттік пән олимпиадасында «6В04107 - Маркетинг», «5В051100 – Маркетинг» мамандықтарының күндізгі оқу формасының 2-3 курс бакалавриат студенттері қатысады және іріктеу шарттарына сай келетін қатысушылар Олимпиаданың екінші (қорытынды) кезеңіне шақырылады.

Ары қарай оқу >>

ЭБЖМ деканының орынбасары Жидебекқызы А. құрмет грамотасымен марапатталды

12.04.2021

Бүгін 2021 жылдың 12 сәуірде сағат 16:00-де Ғылым күніне орай онлайн режимде ұйымдастырылған салтанатты мәжіліс аясында Экономика және бизнес Жоғары мектебінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық бойынша деканның орынбасары, PhD Ақнұр Жидебекқызын ғылым мен инновация саласын дамытуға қосқан үлесі үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарама төрағасы - Ректор Құрмет грамотасымен марапаттады.

Ары қарай оқу >>