Қаржы қауіпсіздігі бойынша Халықаралық олимпиаданы ұйымдастыру мәселелеріне арналған Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдерімен онлайн-кездесу

11.06.2021

Көрулер: 1656

 

2021 жылғы 11 маусымда Қаржы қауіпсіздігі бойынша Халықаралық олимпиаданы ұйымдастыру мәселелеріне арналған Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдерімен онлайн-кездесу өтті. Олимпиаданың мақсаттары жастардың ақпараттық, қаржылық, құқықтық сауаттылығын және мәдени деңгейін арттыруға бағытталған. Кездесуге Экономика және бизнес Жоғары мектебінің, Халықаралық қатынастар факультетінің, Ақпараттық технологиялар факультетінің және Заң факультетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Олимпиаданы "Қаржы академиясы" АҚ КЖ/ТҚҚ саласындағы халықаралық желілік институтымен бірлесе отырып ұйымдастыруда және 2021 жылғы 15 маусымға дейін бірінші іріктеу кезеңі өткізілетін болады.