Финляндиядағы Хельсинки университетінің PhD, постдокторанты Дамиан Кедзиорадан дәріс

05.05.2021

Көрулер: 1610

 

5 мамыр 2021 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің, "Бизнес-технологиялар" кафедрасы Хельсинки университетінің (Финляндия) PhD, постдокторанты Дамиан Кедзиорамен "Инновациялық технологиялар - COVID-19 пандемиясы кезінде жеткізу тізбегіндегі кедергілерді жою құралы ретінде" тақырыбында онлайн-дәрісін өткізді. Дамиан Кедзиора инновациялық технологияларды зерттеумен және робототехниканы бизнесте қолданумен, сондай-ақ цифрлық бизнестің тиімділігін арттыру сұрақтарын зерттеумен айналысады.

 

Дәріс Финляндиядағы ірі корпорациялардың COVID-19 пандемиясы кезінде кездескен қиын жағдайлары мен қауіптерін және қалай күрескені туралы талқылауға арналды. Сонымен қатар, осы сұрақты талқылау барысында Дамиан Кедзиора пандемияның жағымды жақтарын да атап өтті, өйткені әлемдегі бұл жағдай көптеген кәсіпорындарға дағдарысқа қарсы күресте көмектесетін жаңа тиімді технологияларды ойлап табуға инермелегенін де атап өтті.

 

Кездесу Zoom платформасында өтті. Бұл дәріс пандемия кезінде жеткізілім тізбегін басқарудың тиімді инновациялық технологиялары туралы сұрақтарға көптеген түсініктемелер берді. Студенттер шет елдердің тәжірибесін отандық бизнеске қолдануға қатысты белсенді сұрақтар қойып, болашақ логистер мен бизнес жүргізушілері үшін көптеген пайдалы дағдыларға ие болды.