Іс-шаралар күнтізбесі

«Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді

02.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұстаздары Ахметжанова Ажар Тоқсанқызы т.ғ.к., доцент, Тасилова Назия Айтбаевна т.ғ.к., доцент, Байдавлетова Мадина Досбергенқызы PhD докторы, доцент, Искакова Ғалия Зейділдаевна - PhD докторы, кәсіптік бағдар беру мақсатында 2 желтоқсан 2021 сағат 12.00–12.50-де Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп оқушыларымен «Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы» тақырыбында онлайн кездесу өткізді. Биыл тәуелсіз Қазақ елінің Көк туының желбірегенінің 30 жылдық мерейтойын атап өткелі отырмыз. Осы уақыт аралығында Қазақстан өз еркіндігін алып, әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарға қол жеткізді. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.

Ары қарай оқу >>

2021 жылы 30 қарашада Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасвның профессор м. а., тарих ғылымдарының кандидаты У. М. Джолдыбаева ҚазМемқызПУ- нің 2 курс студенттеріне кәсіби бағдар жұмысына арналған кездесу өткізді

30.11.2021

2021 жылы 30 қарашада Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасвның профессор м. а., тарих ғылымдарының кандидаты У. М. Джолдыбаева ҚазМемқызПУ- нің 2 курс студенттеріне кәсіби бағдар жұмысына арналған кездесу өткізді. Мамандық таңдауға байланысты сауалдарға жауап беріліп, ҚР Тәуелсіздігі қарсаңында өткізілген іс- шарада еліміздің қазіргі кезде сұранысқа ие мамандықтары жөнінде кең мағлұматтар берілді.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Болат Сайлан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Тарих факультетінің 4 курс – Тарих (мамандығы) студенттеріне «Білім – өмір азығы» тақырыбында дәріс оқыды.

22.11.2021

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Болат Сайлан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Тарих факультетінің 4 курс – Тарих (мамандығы) студенттеріне «Білім – өмір азығы» тақырыбында дәріс оқыды.

Білім бар жерде мәдениет бар, білім бар жерде байлық бар, білім бар жерде болашақ бар. Еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басып, жаңа мәдени тұлғаны қалыптастыруда жаңа білім сапасын игерудің маңызы зор екені айтылды.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Қазақстан Халқына Жолдауында «Табысты болудың басты факторы – білім» деп, білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететінін» атап көрсетіліп, оның маңызына тоқтадық..

Білім сонау ғасырлардан адам баласына танылған. Күллі адамзат өмірін білімге арнайды. Себебі білім ұрпақтан ұрпаққа берілетін шежіре, тарих, өнеге, тәрбие! Жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығы қашан да жоғары. Адамдар бір орында тұрған жоқ, жылдан жылға түрлі технологиялар, жаңа білім бағдарламалары ойлап табылып, білім сапасы артады. Білімді ұрпақ сау келешектің кепілі. Білім үнемі кепілдегі байлық. Білімді адам - ең бай адам. Адам ешқашан толықтай білімге қанық бола алмайды. Байлық, мақсат, мансапқа жету жолында білімнің маңызы зор екендігі тарихшы студенттерге кеңінен түсіндірілді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауыдағы «Жоғары оқу орындары мамандардың сапалы даярлануына жауап беруге міндетті. Ғылымды дамыту – біздің аса маңызды басымдығымыз» - деген арнайы тапсырмасы назарға алынып, студенттерге дәйекті жеткізілді.

Әңгіме барысының соңы әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның «Тарих» факультетіне магистратураға оқуға шақырумен және білікті мамандар алдында оқуды жалғастыруға шақырылды.

Ары қарай оқу >>

2021 жылы 29 қараша күні Алматы облысы Қарасай ауданы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл- Фараби атындағы арнаулы гимназиясында 10-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар жұмысы жүргізілді

22.11.2021

2021 жылы 29 қараша күні Алматы облысы Қарасай ауданы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл- Фараби атындағы арнаулы гимназиясында 10-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар жұмысы жүргізілді. Санитарлық талаптарды сақтау шаралары ескерілген Кездесу барысында оқушылардың мамандық таңдау жөнінде сұрақтарға Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценттері У. М. Джолдыбаева мен Г. Е. Абикенова жауап берді. Кездесу соңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған баяндама жасалып, У.М.Джолдыбаеваның жаңа кітабының тұсаукесері өткізілді.

Ары қарай оқу >>

"Клио" халықаралық кәсіби бітіруші біліктілік жұмыстары байқауының жеңімпазы

15.11.2021

Бірінші курс магистранты Жаңбырбай Еділ Шыңғысұлы тарих ғылымдарының кандидаты Удербаева Сауле Карибаевнаның жетекшілігімен "Клио" халықаралық кәсіби бітіруші біліктілік жұмыстары байқауында бірінші орын алды.

Ары қарай оқу >>

Преподаватель кафедры истории Казахстана, кандидат исторических наук, доцент Э.Д. Телеуова 4 ноября 2021 г. провела тренинг для выпускников и учителей средних школ Казахстана: SMART в образовании: новый подход или влияние технологий?

04.11.2021

Преподаватель кафедры истории Казахстана, кандидат исторических наук, доцент Э.Д. Телеуова, 4 ноября 2021 года провела тренинг для выпускников и учителей средних школ Казахстана: SMART в образовании: новый подход или влияние технологий? Офлайн КазНУ им.аль-Фараби, Библиотека. На тренинге проведена рекламная презентация Образовательной программы 6В02205-История. Продемонстрирована преимущество и отличительные особенности ОП с точки зрения позиционирования на рынке образовательных услуг. Достижение и переспективы выбора абитурентов по ОП.

Тренинг для выпускников и учителей средних школ Казахстана

 

SMART в образовании: новый подход или влияние технологий?

 

4.11.2021

Офлайн

КазНУ им.аль-Фараби, 402 аудитория

Организаторы: КазНУ им.аль-Фараби; Республиканский научно-практический центр “Дарын”.

Написание статьей

Новые профессиональные компетенции

12.12.2021

Республиканские газеты

Интернет платформы 

Курс для Тренинг для учителей средних школ Казахстана

 

Медиаграмотность как основная образовательная компетенция цифровой эпохи

11.01.2022

Онлайн

КазНУ им.аль-Фараби

Организаторы:

ИПК КазНУ им.аль-Фараби.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті XX ғасыр басындағы Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай «Әлихан Бөкейханұлы – ХХ ғ. басындағы ұлт көсемі» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді.

25.10.2021

25 қазан 2021 жылы сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті XX ғасыр басындағы Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай «Әлихан Бөкейханұлы –ХХ ғ. басындағы ұлт көсемі» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде Әлихан Бөкейханұлының тарихи рөлі, сондай-ақ басқа да ұлт зиялыларының қызметі мен Алаш Орда тарихына қосқан үлесі қарастырылды және қазіргі кездегі концептуалдық көзқарастар талқыланды. Дөңгелек үстелдің жұмысына отандық тарих ғылымының танымал тұлғалары ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы, ҚР ҰҒА «Құрметті академигі», т.ғ.д., профессор Омарбеков Талас, ҚР ҒА мүше - корреспонденті, т.ғ.д., профессор Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Кабульдинов Зиябек Ермұханұлы, филология ғылымының докторы, профессор Ісмақова Айгүл, тарих факультетінің деканы, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы, белгілі ақын Алмасбек Ахметбекұлы қатысты.

 

Ары қарай оқу >>

ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай кітаптің тұсаукесері

22.10.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Тарих, археология және этнология факультетінің 1953 жылғы түлегі, ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай серіктесіміз ҚР Президенті архиві тарапынан жарық көрген "Тарихшы және оның заманы" атты кітабының тұсаукесеріне факультетіміздің деканы Меңдігүл Сағатқызы қатысты. Ғалым еңбегінің жас ұрпақ тарихшыларды концептуалды тұрғыдан ойлауға, ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге қосар үлесі зор. Заңғар тарихшы еңбегі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапхана табысталды.  

Ары қарай оқу >>

Шапырашты Наурызбай батырдың 315 жылдығына арналған конференция

15.09.2021

Қаскелен қаласында орналасқан аудандық тарихи музейдің ұйымдастыруымен Шапырашты Наурызбай батырдың 315 жылдығына арналған конференция өткізілді. Конференцияға Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы қатысып "XVIII ғасырдағы қазақ батырлары және шапырашты Наурызбай батыр" атты тақырыпта баяндама жасады. 

Ары қарай оқу >>

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Ауған соғысының ардагері Болат Сайланның Франция мемлекетінің Қазақстан республикасындағы Бас консулы Алексис Шахтахтинский мен кездесуі

08.09.2021

8 қыркүйек 2021 жылы АҚШ әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуына және елдегі ахуалдың шиеленісуіне байланысты Алматы қаласындағы Француз мемлекеті консульдығының ғимаратында «Ауғанстандағы ағымдағы жағдай қандай?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Бұл дөңгелек үстелге Франция мемлекетінің Қазақстан республикасындағы Бас консулы Алексис Шахтахтинский, елшілік хатшысы Яник Ролан, ынтымақтастық жұмыстарының уәкілі Назерке Қалынова және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Ауған соғысының ардагері Болат Сайлан қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты қазіргі жағдайдағы Ауғанстандағы ахуалды қалай тиімді жолмен шешуге болады. Сол мақсатта Ауған соғысының ардагері, Ауған соғысы туралы бірнеше кітаптар мен еңбектердің авторы Болат Сайланға Француз консульдығы тарапынан сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптар алынды. Тарихшы әрі ардагер ғалым Ауған елінің өткені мен бүгіні туралы егжей-тегжей мәселелерге мән беріп, мардымды жауаптар беріп, консулдық тарапынан алғыс алып қайтты.

Ары қарай оқу >>