Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Болат Сайлан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Тарих факультетінің 4 курс – Тарих (мамандығы) студенттеріне «Білім – өмір азығы» тақырыбында дәріс оқыды.

22-қар-21

Көрулер: 1049

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Болат Сайлан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Тарих факультетінің 4 курс – Тарих (мамандығы) студенттеріне «Білім – өмір азығы» тақырыбында дәріс оқыды.

Білім бар жерде мәдениет бар, білім бар жерде байлық бар, білім бар жерде болашақ бар. Еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басып, жаңа мәдени тұлғаны қалыптастыруда жаңа білім сапасын игерудің маңызы зор екені айтылды.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Қазақстан Халқына Жолдауында «Табысты болудың басты факторы – білім» деп, білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететінін» атап көрсетіліп, оның маңызына тоқтадық..

Білім сонау ғасырлардан адам баласына танылған. Күллі адамзат өмірін білімге арнайды. Себебі білім ұрпақтан ұрпаққа берілетін шежіре, тарих, өнеге, тәрбие! Жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығы қашан да жоғары. Адамдар бір орында тұрған жоқ, жылдан жылға түрлі технологиялар, жаңа білім бағдарламалары ойлап табылып, білім сапасы артады. Білімді ұрпақ сау келешектің кепілі. Білім үнемі кепілдегі байлық. Білімді адам - ең бай адам. Адам ешқашан толықтай білімге қанық бола алмайды. Байлық, мақсат, мансапқа жету жолында білімнің маңызы зор екендігі тарихшы студенттерге кеңінен түсіндірілді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауыдағы «Жоғары оқу орындары мамандардың сапалы даярлануына жауап беруге міндетті. Ғылымды дамыту – біздің аса маңызды басымдығымыз» - деген арнайы тапсырмасы назарға алынып, студенттерге дәйекті жеткізілді.

Әңгіме барысының соңы әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның «Тарих» факультетіне магистратураға оқуға шақырумен және білікті мамандар алдында оқуды жалғастыруға шақырылды.