«Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді

2-жел-21

Көрулер: 1150

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұстаздары Ахметжанова Ажар Тоқсанқызы т.ғ.к., доцент, Тасилова Назия Айтбаевна т.ғ.к., доцент, Байдавлетова Мадина Досбергенқызы PhD докторы, доцент, Искакова Ғалия Зейділдаевна - PhD докторы, кәсіптік бағдар беру мақсатында 2 желтоқсан 2021 сағат 12.00–12.50-де Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп оқушыларымен «Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы» тақырыбында онлайн кездесу өткізді. Биыл тәуелсіз Қазақ елінің Көк туының желбірегенінің 30 жылдық мерейтойын атап өткелі отырмыз. Осы уақыт аралығында Қазақстан өз еркіндігін алып, әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарға қол жеткізді. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.